Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ
    Айғақ MEDIA

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20261 Views

    Ұлттық киім – ұлттың өткені мен бүгінін жалғаған рухани мұра. Ал оны заман талабына сай жаңғыртып, күнделікті сәннің бір бөлігіне айналдыру – бүгінгі дизайнерлердің басты ұстанымы. Шымкентте осы мақсатты тоғыстырған «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің көрме-байқауы өтті. Дәстүрлі шара биыл да отандық сән индустриясының өкілдерін бір алаңға жинады. Шымкент, Түркістан, Тараз және Ақтау қалаларынан келген 30-ға жуық дизайнер өз туындыларын көпшілік назарына ұсынып, үздік атануға бақ сынады. Үш бағыт бойынша өткен байқау ұлттық нақышты жаңғыртып қана қоймай, отандық дизайнерлердің шығармашылығын қолдауға да мүмкіндік берді.Салтанатты кештің шымылдығын қалалық Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасын ашты. Айта кетейік, мәдениет саласының қолдауымен ұйымдастырылатын бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты – өңірдегі дизайнерлерге қолдау көрсету, ұлттық киім үлгілерін жаңғырту және рухани құндылықтарды дәріптеу. Сөз кезегін алған басқарма өкілі қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық құндылығымызды заманмен үйлестіріп ұсынып жатқан дизайнерлерге алғысын білдірді.

    Сән әлемінде жасқа шектеу жоқ. Мұны бүгінгі көрсетілімге қатысқан 60 жастағы модель де дәлелдеп отыр. Ол отандық дизайнердің топтамасын ұсынып, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді подиумда паш етпек. Кейіпкеріміз үшін бұл – сән көрсетілімі ғана емес, ұлттық құндылықтарды кейінгі буынға дәріптеудің бір жолы. Айтуынша, ұлттық киімді күнделікті өмірде де ұлықтап, оны немерелеріне үлгі етуге тырысады. Себебі әдемі киім киюдің де, ұлттық болмысты сақтаудың да жасқа қатысы жоқ. Оның пайымынша, әйел әдемі болса, әлем де әдемі болмақ.Ұлттық нақышты заманауи сәнмен үйлестірген отандық брендтердің бірі – «Тарту». Бренд негізін қалаушы бүгінгі көрме-байқауға өз туындыларын ала келген. Оның айтуынша, мұндай алаңдар дизайнерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені мұнда олар өнімдерін көпшілікке таныстырып қана қоймай, жаңа тұтынушылармен байланыс орната алады. Бүгінде брендтің Абай тақияларына Ресей мен Германияда да сұраныс бар. Ал дизайнердің басты мақсаты – қазақы нақыштағы бұйымдарды әлемдік нарыққа шығарып, ұлттық брендті шетелге таныту. Бұл жолы ол дәстүрлі тақиялармен қатар, жастардың талғамына сай джинсы матасынан тігілген заманауи шапандарын да көпшілік назарына ұсынған.Мұндай көрмелердің маңызы тек сән үлгілерін көпшілікке таныстырумен шектелмейді. Бұл – ұлттық киімнің тарихы мен ерекшелігін танып, оның заманауи өмірдегі орнын көрсетуге мүмкіндік беретін мәдени алаң. Көрмеге келген жұртшылық қазақы нақыштағы киімдердің жаңа үлгілерімен танысып қана қоймай, отандық дизайнерлердің еңбегін бағалап, өз талғамына сай бұйымдарды таңдай алады. Сонымен қатар, мұндай бастамалар ұлттық киімді күнделікті өмірде де кеңінен қолдануға деген қызығушылықты арттырады. Әсіресе, жас буынның төл мәдениетке жақын болып өсуіне ықпал етеді. Бір жағынан, дизайнерлер өз өнімдерін таныстырып, жаңа тұтынушылар тапса, екінші жағынан, халық сапалы отандық өнімге қол жеткізеді.Ұлттық құндылықты жаңғыртып, оны заман талабына сай дамыту – ұлт болмысын сақтаудың бір жолы. Сондықтан осындай көрмелердің жалғасын табуы отандық сән индустриясының дамуына да, ұлттық мұрамыздың кеңінен насихатталуына да серпін бермек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026

    ҚҰТҚАРУШЫ САРБАЗДАР ҚАТАРЫ ЖАСАҚТАЛУДА

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.