Домбыраның қадірін білетін ол қос ішекті өзі де шебер шертеді.Ұлттық нақышты заманауи трендке айналдырған – 25 жастағы жас дизайнер Аружан Әскербек алты жылдық тәжірибесі бар сән үйінің негізін қалаушы. Ол кәсібін карантин кезеңінде бастап, Бүгінде қазақ мәдениеті мен ұлттық ою-өрнекті заманауи сән тілінде сөйлетіп, отандық брендті әлемдік сахнаға алып шықпақ.Аружан ханымның туындыларына тән басты ерекшелік – бұйымдардың авторлық сипатта жасалып, асыл тастармен қолдан әрленуі. Бүгінде Брендтің «Қарлығаш» дизайнерлік костюмі мен ұлттық нақыштағы ерекше кәжекейлері үлкен сұранысқа ие.Көрмедегі ерекше экспонат — Санжар Кәрімұлының табиғи саз балшықтан жасаған қыш бұйымдары болды. Шебер дәстүрлі құмыра өнерін жаңғыртып, оған жаңа тыныс сыйлады, Қазіргі таңда Санжар Кәрімұлының басты миссиясы — бұл өнерді мектеп бағдарламасына енгізу.

