Түркістанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес ұсынуды қарау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Р.Аюпов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ұзынжас, барлық аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма басшыларының және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте мекеме басшыларына және квазимемлекеттік секторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнама нормалары мен басқа да актілерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректерді уақтылы хабарлау, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.











