• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАННЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ӨЗБЕКСТАН ҒАЛЫМДАРЫ АТСАЛЫСАДЫ

14.09.2021
0

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы арасында орман шаруашылығын дамыту, бірлесе өркендету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Орман шаруашылығы саласындағы өңірдің жетістіктерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында келген Өзбекстан Республикасы мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшылығының делегациясы Түркістан өңірінде атқарылған жұмыстармен танысып, оң баға берді. Жергілікті экологияны жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен «Жасыл белдеу» жобасын жоғары бағалады.

Тараптар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту үшін мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Кешенді жоспар аясында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 110 мыңнан астам гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінің орман тұқымбақтарында 50-ден аса ағаш-бұта түрлерінің көшеттері өсірілуде, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен 2019 жылы Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құрылып, 12 миллионға жуық жапырақты ағаш көшеттері егілген. Бүгінде оның аумағы екі есе ұлғайған. 2025 жылға дейін шаһардың жасыл белдеуін 20 мың гектарға ұлғайту көзделген. Осылайша 5-6 жыл көлемінде күтіп-баптау жұмыстары арқылы бұл аумақ орман алқабына айналады.

Егілген көшеттерге тұрақты түрде күтіп баптау жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде көнімділігі 60-65 пайызды құрап отыр. Түркістан қаласы аумағының топырақтық-климаттық жағдайы ерекше. Себебі топырақ құрамы сорланып, құнарлығы төмендеген. Осыны ескерген Өзбекстан ғалымдары ағаштардың көнімділігі 50 пайызды құраса, соның өзі үлкен жетістік деп бағалап отыр. Сапар барысында Өзбекстан тобы өңірдегі сексеуіл егілген аумақтарды аралап, тәжірибелерімен бөлісті.

«Табиғи жағдайларды есепке алу керек. Егілген көшеттің 100 пайызы көгеріп, көктегені болған емес, ол мүмкін емес те. Ғылыми дәлелденген дүние бар. Оған сәйкес, отырғызылған ағаштың 50-55 % жерсінсе, жақсы. Бұл жақсы көрсеткіш. Оған жету үшін де тынымсыз еңбек керек. Біздің елдегі климат та ұқсас. Нәтижелері де осындай. Дәл сіздердегі ауа-райы жағдайын есепке алсақ, қазіргі еңбек – нағыз ерлік», – деді Өзбекстан Республикасы орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының зертхана жетекшісі Зиновий Новицкий.

Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 34 трактор, 9 автокөлік, 26 тіркеме алу жоспарланып, бүгінгі күнге 21 трактор мен 15 тіркеме алынды. Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытында жұмыстар жалғаса береді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.