Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылы 27 шілдедегі отырысының №21-05/ хаттамасына сәйкес, Сайрам, Төлеби аудандарында «COVID-19» аурушаңдығы мен вирусты пневмонияның өсуіне байланысты аталмыш аудандарда карантиндік шектеу шаралары қатаңдатылды. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Искаковтың Қаулысымен күшейтілген шаралар 2021 жылдың 2 тамызы мен 16 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Қаулы мәтініне сәйкес
-
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес іске асырылады;
-
«Ashyq» көшбасшыларының жұмыс режимі сағат 22.00-ге дейін ұзартылды;
-
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына енгізілмеген нысандар мен қызметтерге рұқсат етілді;
-
ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды;
-
қызмет көрсету саласының қызметкерлері (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, вахталық қызметкерлер, ірі ұйымдасқан ұжымдарда (өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін) COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19 ауруына шалдыққан қызметкерлерді қоспағанда қызметкерлердің 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқаруы тиіс;
-
мониторингілеу жұмыстары күшейтілсін: мониторинг топтарының және патрульдер санын көбейту, қызметіне тыйым салынған объектілерді қадағалау, жабық үй-жайларда маскалық режимнің сақталуын қадағалау, «Ashyq» жобасы талаптарының орындалуын қадағалау, «Ashyq» режимін сақтамаған (0-20 чекин) бизнес субъектілерін 1 ай мерзімге ескертусіз шығару міндеттелді.
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
№ | Объектілер/салалар | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмыс режимі | «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің жұмыс режимі |
1. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ü
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, алып кету және үйге жеткізуді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. |
ü
тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат етілсін |
2 | Жазғы алаңдар | ü
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, алып кету және үйге жеткізуді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. |
ü тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат етілсін |
3 | Фуд-корттар | ü
толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 10.00-нан 20.00-ге дейін, алып кету және үйге жеткізуді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. |
ü
тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат етілсін |
4 | Банкет залдары (мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ü
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырумен, жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, алып кету және үйге жеткізуді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын |
ü
тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат етілсін |
5
|
Сауналар | ü
жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
|
6 | СПА-орталықтар | ü
жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
7 | Бассейндер | ü
жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
8 | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
9 | Мәдениет объектілері (дайындық) | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 30 адамға дейін, екі компонентпен вакцинацияланған адамдар (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
—
|
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 30%-дан асырмай толтырумен, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
11 | Ауданаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
12 | Аудандық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
13 | Бильярд | ü
сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен, 30% — дан асырмай толтырумен (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
14 | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | ü
сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан асырмай толтырумен. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
15 | Боулинг | ü
сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен, 30%-дан асырмай толтырумен, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
16 | Караоке | ü
50%-дан асырмай толтырумен, бірақ 30 адамнан артық емес, жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
17 | Көрмелер | ü
бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырумен, жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
18 | Марафондар (ашық ауада) | ü
30 адамнан артық емес, жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
19 | Көрермендермен спорттық іс-шаралар | ü
жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 20%-дан асырмай толтырумен (сенбі, жексенбі күндері тыйым салынсын) |
— |
20 | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | ü
жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан артық емес (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
21 | Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ü
бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан артық емес, уақыт бойынша 8.00-20.00-ге дейін шектеумен (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
22 | Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ü
бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан артық емес, уақыт бойынша 8.00-20.00-ге дейін шектеумен (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
23 | Цирктер | ü
30%-дан асырмай толтырумен, жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
– |
24 | Отельдер, қонақ үйлер | + | 80%-дан аспайтын толымдылықпен |
25 | ХҚКО | Уақыт бойынша 9.00-18.00-ге дейін шектеумен, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын. | Уақыт бойынша 9.00-18.00-ге дейін шектеумен, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын.
Алдын-ала брондау міндетті. |
26 | Сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоптар», косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар,
маникюр мен педикюр қызметтері (жазылу бойынша) |
ü
Жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
27 | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | ü
жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
28 | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | ü
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай, жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін, алып кету және үйге жеткізуді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. |
тек алып кету және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін |
29 | Демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар | ü
сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
30 | Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) | ü
Алаңы 2000 ш.м дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
— |
31 | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер | ü
сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
32 | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | ü
сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
33 | Моншалар | ü
сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
34 | Ашық ауадағы аттракциондар, батуттар | ü
сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
— |
«+» — қызметіне рұқсат етілген;
«ü« — қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» — қызметіне тыйым салынған;
* — толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** — банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.