• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҮШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬ: ПОЛИЦИЯ, ПРОКУРАТУРА ЖӘНЕ СОТ

26.07.2021
0

Үш буынды модель: полиция, прокуратура және сот.

Осы мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерді.

Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл, шын мəнісінде, «Əділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы.

Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет.

Халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек.

Мемлекет басшысының айтуынша, құқық қорғау жəне сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі.

Яғни Жолдаудың басты мәні модернизация, соның ішінде құқық қорғау саласын жаңғырту деп айтуға болады.

Бұл қадам еліміздің заңнама, құқық салаларында жасалып жатқан өзгерістердің логикалық жалғасы саналады.

Бүгінде Қазақстан халықаралық қылмыстық әділеттілік индексі бойынша 58-орынға тұрақтап тұр.

Алайда құқық қорғау органдарының жұмысында айыптау үрдісі әлі де басым.

Яғни сот ісін жүргізудің тиімді моделінсіз қылмыс мәселесіне қатысты сапалы саясат ұстану мүмкін емес.

Сондықтан мемлекетімізге азаматтардың өмірін, құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған күрделі функционалдық өзгерістер қажет болды.

Тәуелсіздік жылдары елімізде осы саланың жұмысын түрлендіруге қатысты халықаралық тәжірибеде қолданылатын бірқатар жекелеген өзгерістер енгізілді.

Оған қарамастан, қылмыстық іс жүргізуімізде Кеңес өкіметінің құқық жүйесінен қалған дақ әлі де бар.

Мемлекет басшысы атап өткендей, құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр.

Қоғамдық пікір де осы ойды ұштайды. Азаматтар көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылады. Тиісінше, құқықтары да бұзылады.

Сондықтан қозғалған істің көбісі сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде азаматтарды ақтау негіздері бойынша тоқтатылып келген.

Мемлекет басшысы және Бас Прокурормен қойылған талаптарды орындау үшін,

Бірінші кезекте, бізге прокурордың өзін жаңарту қажет болды.

Ол үшін, прокуратура ардагерлері және сот қызметкерлерінің қатысуында семинар-тренингтер ұйымдастырдық, дискуссия жасадық, қала прокуратурасында сынақ тапсырдық.

Екінші кезекте, техникалық жабдықтау және прокурорларға дерекқорды үйрету қажет болды.

Бұл мақсатта, прокуратураның талдау бөлімшесінің қызметкерін оқытып, кейін ол өзге прокурорларға сабақ өтті.

Үшінші кезекте, полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет болды.

Ол үшін өзіміз барып тренингтер ұйымдастырсақ, органның әр шешімін дерекқорға енгізбес бұрық зерделеуден өткіздік, оған қоса арнайы шаблон түздік.

Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде, Әл-Фараби ауданының прокуратурасымен жаңа модельге сәйкес қылмыстық істер бойынша күдікті деп тану туралы 525 процестік шешімнің 19-ын ғана, тұлғаның әрекетін саралау туралы 454 процестік шешімнің 32-ін ғана  келісуден бас тарттық.

Ал, істі қайта саралау туралы 447 процестік шешімнің 23-ін, 1044 мерзімін үзу туралы шешімнің 109-ын, өндірістен тоқтату туралы 752 шешімнің 70-ін келісу/бекітуден бас тартылған.

Бұл мысал Мемлекет басшысының үш буынды модель концепциясының айқын көрінісі.

Ағымдағы жылы прокурормен келісілген/бекітілген шешімдер бойынша сотпен ақтау үкімдері немесе тергеу сотымен бұзылған шешімдер орын алмағанын атап өту қажет.

Ауданымызда қылмыстық процесті цифрландыру жұмысыда қарқынды жүзеге асырылуда.

Бұл жаңашылдық азаматтардың құқығын қорғау кезінде өте тиімді құрал.

2018 жылдан бастап Бас Прокуратура электрондық қылмыстық істі енгізуде.

Қазірдің өзінде ауданда тіркелген істердің 58,2%-ы цифрлық түрде тергеледі.

Демек электрондық жүйеде манипуляция жасау және бұрмалау мүмкін емес.

Осылайша үш буынды модельде жұмыс жасау құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертетіп, басты мақсатқа, яғни азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына алып келетіні анық.

Әл-Фараби ауданының прокуроры Қ.Хандиллаев

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Айғақ медиа
01.07.2026
0

Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Елімізде 1 шілдеден бастап бірқатар заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесіне қатысты жаңа талаптар мен жаңашылдықтар бар....

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ САРАЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Еліміздің құқықтық жүйесінде маңызды өзгеріс. 1 шілдеден бастап Конституцияның жаңа редакциясы ресми түрде күшіне енеді. Осы тарихи оқиғаға орай М.Әуезов...

30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Шымкентте 30 отбасы көптен күткен баспаналарына қол жеткізді. Жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде қала әкімі табыстап, қоныс иелерін құттықтады. Жалпы,...

ЕКІ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЕКІ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Шымкентте өндіріс саласы қарқын алып келеді. Еңбекші ауданында құны 15 миллиард теңгеден асатын екі бірдей инвестициялық жоба іске қосылды. Оның...

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.