ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...
Аң патшасы арыстанды тұңғыш бағындырған қазақ қызы Жанат Халметова әңгіменің ауанын бекзат өнердің белестерінен бастады. Ол өз сөзінде цирк – өмір мен өлім ортасындағы ұлы өнер деп те атап өтті. Сонымен қатар, «Шымкент циркті» аңсыз елестету тіптен мүмкін емес деп, әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген ақпаратқа өз ойын ашына жеткізді. Жанат Халметованың айтуынша мұндағы аңдар ешқайда жіберілмеген. Баяғыдай тиісінше бапталып, көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, цирк балансындағы 6 жылқы, 3 пони, 2 арыстан және бұдан өзге жыландар мен маймылдар күнделікті тамақтандырылып, циркте өнер көрсетуге дайындық жасайды.
Айта кету керек қазіргі таңда мұндағы қызметкер саны – 197. Соның ішінде шығармашылықпен айналысатын қызметкерлер саны – 126, ал шығармашылық әртістер саны – 59. 2021 жылы бірегей эксперименталды жобаны қолға алған Шымкент цирк көрермендерге ерекше шоу ұсынбақ. Жаңа техника, жарықшамдар, жаңа сценарий. Ендігі кезекте клоунада және шапито, джигитовка, жонглерлік еті және әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытпақ.
Биыл 10 жылдық мерейтойын тойлайтын «Шымкент Цирктің» елімізде өзіндік қолтаңбасымен, кәсіби жоғары деңгейімен ойып алар орны бар. Цирк ұжымы — қызғалдақ қыздарымыздың өрнекті өнерін, бөрі текті жігіттердің отты жігерін шыңдап, сайыпқыран бабаларымыздың бекзат өнерінің үзігін бүгінгі заман талабына сай қайта жаңғыртып келеді.Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...
№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...
Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...
Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.