Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ШЫМКЕНТ ЦИРК» АҢДАРДАН БАС ТАРТПАЙДЫ!
    Айғақ MEDIA

    «ШЫМКЕНТ ЦИРК» АҢДАРДАН БАС ТАРТПАЙДЫ!

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.01.20211 054 Views

    «Шымкент цирк» аңдардан бас тартпайды! Тек циркті жаңғырту бағытында көрермендерге жаңа жобаларды ұсынбақ. Әлемдегі ең жас цирктердің бірі «Шымкент циркі» биыл бірегей эксперименталды жоба бастамақ. Мегаполистегі іргелі мәдени ошақ ретінде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген Шымкент цирк Әз-Наурыз мерекесіне қазіргі таңда қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде.Аң патшасы арыстанды тұңғыш бағындырған қазақ қызы Жанат Халметова әңгіменің ауанын бекзат өнердің белестерінен бастады. Ол өз сөзінде цирк – өмір мен өлім ортасындағы ұлы өнер деп те атап өтті. Сонымен қатар, «Шымкент циркті» аңсыз елестету тіптен мүмкін емес деп, әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген ақпаратқа өз ойын ашына жеткізді. Жанат Халметованың айтуынша мұндағы аңдар ешқайда жіберілмеген. Баяғыдай тиісінше бапталып, көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, цирк балансындағы 6 жылқы, 3 пони, 2 арыстан және бұдан өзге жыландар мен маймылдар күнделікті тамақтандырылып, циркте өнер көрсетуге дайындық жасайды.  Айта кету керек қазіргі таңда мұндағы қызметкер саны – 197. Соның ішінде шығармашылықпен айналысатын қызметкерлер саны – 126, ал шығармашылық әртістер саны – 59. 2021 жылы бірегей эксперименталды жобаны қолға алған Шымкент цирк көрермендерге ерекше шоу ұсынбақ. Жаңа техника, жарықшамдар, жаңа сценарий. Ендігі кезекте клоунада және шапито, джигитовка, жонглерлік еті және әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытпақ.Биыл 10 жылдық мерейтойын тойлайтын «Шымкент Цирктің» елімізде өзіндік қолтаңбасымен, кәсіби жоғары деңгейімен ойып алар орны бар. Цирк ұжымы — қызғалдақ қыздарымыздың өрнекті өнерін, бөрі текті жігіттердің отты жігерін шыңдап, сайыпқыран бабаларымыздың бекзат өнерінің үзігін бүгінгі заман талабына сай қайта жаңғыртып келеді.

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.