• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖАРТЫ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БИЗНЕСКЕ БАҒЫТТАЛДЫ

15.12.2020
0

Жетісайлықтар балмұздақтың алуан түрін шығаруды кәсіп етіп, жиһаз, тігін цехын ашып, жылқы шаруашылығын дамытуда. Кондитерлік өнімдер мен пицца жеткізу бизнесін жолға қойған. Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданындағы жұмыстарды қадағалауға барып, «Еңбек» бағдарламасымен мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан азаматтардың өндіріп жатқан өнімдерінің көрмесіне қатысты. Карантин кезінде 2000 жетісайлық кәсіптің көзін тауып, ісін өрге домалатып жүр.Келер жылы кезекте тұрған 500-ге жуық жетісайлық отбасы қоныс тойын тойлайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен бөлінген 551,3 млн. теңге қаражатқа Жетісай қаласынан 80 га жерге көпқабатты баспаналар бой көтерді. Жалпы ауданы 10,4 мың ш.м немесе 200 пәтерлі 6 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға атяды.Бұдан басқа, дәл осы жерде жалпы ауданы 240 пәтерді құрайтын көп қабатты 6 үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.  Аталған үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 293,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға магистральды су және электр жүйелерінің құрылысы басталды.  Тұрғын үйлер жол, кәріз және газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі.Жетісай ауданында 7 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Халықты ауыз сумен қамту секілді инфрақұрылым жүйесін жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өркенді ауылының ауыз су жүйелері жаңартылды. 2020 жылы 7 ауылдың (Жамбыл, Мақталы Жылысу, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби) құрылысына бюджеттен 794 млн-нан астам ақша бөлініп, Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйелері жаңартылды. Қалған 6 ауылдағы жұмыстар толығымен 2021 жылы аяқталады.

Жыл қорытындысымен аудан тұрғындарына 81% табиғи газ жеткізілетін болады. 2020 жылы 4 елдімекенді газдандыруға 45 млн.теңгеге жуық ақша бөлініп, 2-нің құрылыс жұмыстары аяқталды, 2 нысан келесі жылы толық бітеді деп күтілуде. Бүгінгі күнге жалпы құны 6,8 млрд.тенге болатын 6 жоба (2 АГРС, 1 газ жүйесі, 3 елді мекен) алдағы жылы толық іске қосылмақ.2019-2020 жылдары Жетісай ауданындағы 16 елдімекеннің тозығы жеткен электр желісін жаңарту үшін (Жамбыл, Қазыбек би, Оспанов, Құрбан ата Таубай ата, Алғабас, Қосқұдық, 1-май, Мақталы, Қарасақал, Қызылту, Ақтөбе, Кетебай, Сатбаев, Қарақай, Қараөзек) бюджеттен 320,9 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Алдағы жылы Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты, жалпы 6 елді мекеннің электр желісін жаңартуға бюджеттен 162,03 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде 1235 тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарында жеке кәсіпкер Б.Казиев өз қаражаты есебінен салған медициналық орталық жұмысымен танысты. Заманауи емдеу мекемесі толықтай жаңа қондырғымен қамтылған. Барлық салалық дәрігерлер жұмысқа тартылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.