ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...
Келер жылы кезекте тұрған 500-ге жуық жетісайлық отбасы қоныс тойын тойлайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен бөлінген 551,3 млн. теңге қаражатқа Жетісай қаласынан 80 га жерге көпқабатты баспаналар бой көтерді. Жалпы ауданы 10,4 мың ш.м немесе 200 пәтерлі 6 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға атяды.
Бұдан басқа, дәл осы жерде жалпы ауданы 240 пәтерді құрайтын көп қабатты 6 үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 293,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға магистральды су және электр жүйелерінің құрылысы басталды. Тұрғын үйлер жол, кәріз және газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Жетісай ауданында 7 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Халықты ауыз сумен қамту секілді инфрақұрылым жүйесін жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өркенді ауылының ауыз су жүйелері жаңартылды. 2020 жылы 7 ауылдың (Жамбыл, Мақталы Жылысу, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби) құрылысына бюджеттен 794 млн-нан астам ақша бөлініп, Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйелері жаңартылды. Қалған 6 ауылдағы жұмыстар толығымен 2021 жылы аяқталады.
2019-2020 жылдары Жетісай ауданындағы 16 елдімекеннің тозығы жеткен электр желісін жаңарту үшін (Жамбыл, Қазыбек би, Оспанов, Құрбан ата Таубай ата, Алғабас, Қосқұдық, 1-май, Мақталы, Қарасақал, Қызылту, Ақтөбе, Кетебай, Сатбаев, Қарақай, Қараөзек) бюджеттен 320,9 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Алдағы жылы Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты, жалпы 6 елді мекеннің электр желісін жаңартуға бюджеттен 162,03 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде 1235 тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.
Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарында жеке кәсіпкер Б.Казиев өз қаражаты есебінен салған медициналық орталық жұмысымен танысты. Заманауи емдеу мекемесі толықтай жаңа қондырғымен қамтылған. Барлық салалық дәрігерлер жұмысқа тартылған.Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...
Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...
Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...
Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...
Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...
Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.