ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Жасыл алаңға шыққан 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. 4 бірдей ашық алаңда қатар өткен жарыс қорытындысымен, қатысушылар ақтық сайыста кездесті. Айта кетейік, облыс аумағында дәл осындай 100-ден астам ашық футбол алаңшалары салынған.
Бас жүлдені өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының құрама командасы жеңіп алса, күміс жүлдені облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері иеленді. Ал, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаз командаларға 10 медальдан табысталды.
Жарыс жеңімпаздарын марапаттаған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мұндай спорттық сайыстардың әр апта сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді. «Әлемді шарпыған пандемия биылғы жылы бірқатар спорттық шараларды ұйымдастыруға кері әсірін тигізді. Соның салдарынан мемлекеттік қызметкерлер арасында бұқаралық спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар кейінге шегіріліп келгенін жақсы білесіздер. Міне, бүгін облысымыздың бас санитарының қаулысына сәйкес, спорттық шараларды өткізуге рұқсат етіліп отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұндай спорттық сайыстар алдағы апталарда да өз жалғасын табатын болады. Нақтырақ айтсақ, алдағы аптада мемлекеттік қызметкерлердің қыздар командалары арасында волейболдан облыс біріншілігін өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Сәкен Амангелдіұлы.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысының адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысы Рахымбек Жолаев пен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев марапаттап, оларға қызметтеріне сəттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік қақпашысы» Дамир Тілеулиев атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясын Арал Қайрат жеңіп алды. Ал, қатысушылар арасында топ жарған Қайрат Оралбаев «Үздік шабуылшы» иегері болды. Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленген Айтуған Ерсұлтан сайыстың «Үздік ойыншысы» атанып, Құдайберген Нұржау «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясын жеңіп алды.
Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметіИталияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.