Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мемлекеттік қызметкерлер арасында ашық алаңда кіші футболдан жарыс өтті
    Айғақ TV

    Мемлекеттік қызметкерлер арасында ашық алаңда кіші футболдан жарыс өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.12.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен  Түркістан облысы əкімдігі мен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен кіші футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы біріншілік бастау алды. Өңірдің барлық департамент, басқарма қызметкерлері арасында 16 желтоқсан — Тəуелсіздік күні мерекесіне орай 16 команда жинақталып, өзара мықтыларды анықтады. Әр командада 5 адамнан қатысты. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.Жасыл алаңға шыққан 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. 4 бірдей ашық алаңда қатар өткен жарыс қорытындысымен, қатысушылар ақтық сайыста кездесті. Айта кетейік, облыс аумағында дәл осындай 100-ден астам ашық футбол алаңшалары салынған.Бас жүлдені өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының құрама командасы жеңіп алса,  күміс жүлдені  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік  бағдарламалар басқармасы қызметкерлері иеленді.  Ал, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаз командаларға 10 медальдан табысталды.Жарыс жеңімпаздарын марапаттаған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мұндай спорттық сайыстардың әр апта сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді. «Әлемді шарпыған пандемия биылғы жылы бірқатар спорттық шараларды ұйымдастыруға кері әсірін тигізді. Соның салдарынан мемлекеттік қызметкерлер арасында бұқаралық спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар кейінге шегіріліп келгенін жақсы білесіздер. Міне, бүгін облысымыздың бас санитарының қаулысына сәйкес, спорттық шараларды өткізуге рұқсат етіліп отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұндай спорттық сайыстар алдағы апталарда да өз жалғасын табатын болады. Нақтырақ айтсақ, алдағы аптада мемлекеттік қызметкерлердің қыздар командалары арасында волейболдан облыс біріншілігін өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Сәкен Амангелдіұлы.Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысының адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысы Рахымбек Жолаев пен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев марапаттап, оларға қызметтеріне сəттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік қақпашысы» Дамир Тілеулиев атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясын Арал Қайрат жеңіп алды. Ал, қатысушылар  арасында топ жарған Қайрат Оралбаев «Үздік шабуылшы» иегері болды. Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленген Айтуған Ерсұлтан сайыстың «Үздік ойыншысы» атанып, Құдайберген Нұржау  «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясын жеңіп алды.Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.