Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...
Шағалалы Шардара. Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған, шағаласы қалықтап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы еліміздің мақтанышы. Көлдің жағасында демалып, алтын құмда ем алып, балығының дәмін татқан адам аймаққа қайта аңсары ауып тұрады. Ішкі туризмді дамытуға нағыз лайықты жер. Түстігінде Самарқанд, теріскейінде Түркістан, шығысында Ташкент, батысында Бұқара шаһарлары жатқан Шардара ауданы өткен жылы 55 жылдығын атап өтті. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мекенді 2019 жылдың шілде айынан бастап Қайрат Жолдыбайұлы басқарып отыр. Экономист-менеджер мамандығын игерген азамат дәл осы Шардараның тумасы. Сондықтан туған жерді түлету тапсырылған болатын. Әлеуметтік мәселені шешу әрқашан бірінші орында тұруы тиіс. Бірақ, әкімнің сөзіне сүйенер болсақ әуелі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмысты төмендету үшін күш жұмсапты.
2019 жылы Шардараның бюджетіне 3 миллионнан астам қаржы түсіп, жоспар артығымен орындалған көрінеді. Жылына 30 000 тонна мақта өңдейтін зауыт іске қосылып, 250 адам жұмыспен қамтылған. Әкімнің өткен жылдың тірліктеріне берген есептік баяндамасына құлақ түрсек көптеген салада ілгерілеу бар. Еліміздің астанасында еңбек жолын бастап, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, Ордабасы ауданында бес ай әкім болған Қайрат Жолдыбайұлына бұл жолы үлкен жауапкершілік жүктелген. Көзкөрген ауылдастарының жағдайын жақсартып, әлеуметтік мәселесін шешу. Әкім Шардара ауданындағы бүкіл елді мекенге есептік кездесуге дейін бір емес бірнеше рет барып, тұрғындармен ашық сөйлесіп алған. Барды бар деп, жоқты жоқ деген басшыға Шардаралықтар риза болып отыр. Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінде болған есептік кездесуде жиналған жұрттың берген жақсы бағасын тыңдап тату ағайынның бірлігіне, көңіліне риза болдық.
Тұрғынның бірі бес күндік фәнидің жалған екенін еске түсіріп, Ұлы ақын Абайдың өлеңін оқығаннан кейін Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің халқы тоқтай қойды. Киелі сөздің мағынасын ұғатын ауылдағы ағайынның осы жерде көңілі дархан даладай екеніне тағы да көз жеткіздік. Иә, қазіргі қоғамда кісінің жақсылығын асырып, жамандығын жасыру кез-келгеннің қолынан келмейтін іс. Жаушықұм ауылдық округінде өткен есептік кездесу кезінде де Қайрат Жолдыбайұлы көрпесіне қарай көсіліп, жоспарында көп мәселені шешу бар екенін айтты.
17 жылдан бері тәжірибе жинаған азамат кадрлық өзгеріс жасауға асықпапты. Тек Президенттің тапсырмасы аясында жастарды қолдау үшін қызметке тартып, қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік берген. Шарадараны көркейтем деген әкімді тұрғындар арқасынан қағып, халыққа жақын қарапайым мінезі үшін мақтауын асырып, болам деген басшының белін буды.

80 мыңдай тұрғыны бар Шарадара ауданында 10 ауылдық округ, бір қала бар. 1958 жылы Кеңес Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомолдар түлеткен шағалалы мекен бүгінде балығымен шартарапқа аты шықты. Әлеуметтік мәселені шешуді жоспарлап, биыл өзгеше жаңалық әкелуді көздеп отырған Қайрат Жолдыбайұлы Түркістан облысының әкімі Шөкеев бастаған «Қамқорлық» жобасын жалғастырды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың шаңырағына барып, күнкөріс жағдайымен танысты. Ағынды өмірдің сынағына төзген анаға құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп кетті.Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...
Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.