• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Әкім туған жерін түлетпек

31.01.2020
0

Шардара ауданы 2021 жылы толық газбен қамтылады деген жоспар бар. Қазір халқының 17 пайызы ғана көгілдір отынға қол жеткізген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін көтерілмек. Бұл туралы осыдан алты ай бұрын Шардараға әкім болған Қайрат Жолдыбайұлы мәлімдеді. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, есеп беріп жүрген басшыны аймақтағы жамағат тірлігіне епті, қиын сұрақтардың шешімін табатын іскер деп жүр.

Шағалалы Шардара. Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған, шағаласы қалықтап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы еліміздің мақтанышы. Көлдің жағасында демалып, алтын құмда ем алып, балығының дәмін татқан адам аймаққа қайта аңсары ауып тұрады. Ішкі туризмді дамытуға нағыз лайықты жер. Түстігінде Самарқанд, теріскейінде Түркістан, шығысында Ташкент, батысында Бұқара шаһарлары жатқан Шардара ауданы өткен жылы 55 жылдығын атап өтті. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мекенді 2019 жылдың шілде айынан бастап Қайрат Жолдыбайұлы басқарып отыр. Экономист-менеджер мамандығын игерген азамат дәл осы Шардараның тумасы. Сондықтан туған жерді түлету тапсырылған болатын. Әлеуметтік мәселені шешу әрқашан бірінші орында тұруы тиіс. Бірақ, әкімнің сөзіне сүйенер болсақ әуелі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмысты төмендету үшін күш жұмсапты.

2019 жылы Шардараның бюджетіне 3 миллионнан астам қаржы түсіп, жоспар артығымен орындалған көрінеді. Жылына 30 000 тонна мақта өңдейтін зауыт іске қосылып, 250 адам жұмыспен қамтылған.  Әкімнің өткен жылдың тірліктеріне берген есептік баяндамасына құлақ түрсек көптеген салада ілгерілеу бар. Еліміздің астанасында еңбек жолын бастап, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, Ордабасы ауданында бес ай әкім болған Қайрат Жолдыбайұлына бұл жолы үлкен жауапкершілік жүктелген. Көзкөрген ауылдастарының жағдайын жақсартып, әлеуметтік мәселесін шешу. Әкім Шардара ауданындағы бүкіл елді мекенге есептік кездесуге дейін бір емес бірнеше рет барып, тұрғындармен ашық сөйлесіп алған. Барды бар деп, жоқты жоқ деген басшыға Шардаралықтар риза болып отыр. Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінде болған есептік кездесуде жиналған жұрттың берген жақсы бағасын тыңдап тату ағайынның бірлігіне, көңіліне риза болдық.

Тұрғынның бірі бес күндік фәнидің жалған екенін еске түсіріп, Ұлы ақын Абайдың өлеңін оқығаннан кейін Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің халқы тоқтай қойды. Киелі сөздің мағынасын ұғатын ауылдағы ағайынның осы жерде көңілі дархан даладай екеніне тағы да көз жеткіздік. Иә, қазіргі қоғамда кісінің жақсылығын асырып, жамандығын жасыру кез-келгеннің қолынан келмейтін іс. Жаушықұм ауылдық округінде өткен есептік кездесу кезінде де Қайрат Жолдыбайұлы көрпесіне қарай көсіліп, жоспарында көп мәселені шешу бар екенін айтты.

17 жылдан бері тәжірибе жинаған азамат кадрлық өзгеріс жасауға асықпапты. Тек Президенттің тапсырмасы аясында жастарды қолдау үшін қызметке тартып, қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік берген. Шарадараны көркейтем деген әкімді тұрғындар арқасынан қағып, халыққа жақын қарапайым мінезі үшін мақтауын асырып, болам деген басшының белін буды.

Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді. Қашанда татулығы жарасқан, ауызбірлігі мықты елдің тілегі мен асыл армандары орындалып, бейғам өмір сүретіні ежелден белгілі. Жаушықұмда өткен есептік кездесу кезінде тыныс-тіршілігі бір ағайын арасындағы сыйластыққа куә болдық. Елдің батасын алып, рухтанып шыққан Қайрат Жолдыбайды есептік кездесу өткен мектептің қарсы алдында күтіп алып, сұхбат алдық.

80 мыңдай тұрғыны бар Шарадара ауданында 10 ауылдық округ, бір қала бар. 1958 жылы Кеңес Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомолдар түлеткен шағалалы мекен бүгінде балығымен шартарапқа аты шықты. Әлеуметтік мәселені шешуді жоспарлап, биыл өзгеше жаңалық әкелуді көздеп отырған Қайрат Жолдыбайұлы Түркістан облысының әкімі Шөкеев бастаған «Қамқорлық» жобасын жалғастырды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың шаңырағына барып, күнкөріс жағдайымен танысты. Ағынды өмірдің сынағына төзген анаға құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп кетті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.