Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ
    Айғақ MEDIA

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.11.20260 Views

    Өнерді тамашалау үшін енді музей аралап, тарихи орындарға бару міндетті емес. Виртуалды шындықтың көмегімен әлемнің әйгілі туындылары мен сәулет ескерткіштеріне бір сәтте саяхат жасауға болады. Шымкентте «Цифрлық күз» фестивалі басталды. Француз өнерін заманауи технологиялар арқылы таныстыратын көрмеге келушілер виртуалды әлемге еніп, танымал шығармаларды жаңа қырынан тамашалай алады. Көрмеген келушілер әлемге әйгілі суретшілердің туындыларымен танысып, виртуалды кеңістікте ерекше әсерге бөленді. Мұнда өнерді тек көру емес, оның атмосферасын сезіну мүмкіндігі бар.

    Фестивальдің басты ерекшелігі де — классикалық өнерді заманауи технология арқылы жаңаша ұсыну. Фестиваль аясында Париждегі Нотр-Дам соборына виртуалды саяхат жасауға болады. Өрттен кейін қалпына келтірілген тарихи ғимараттың ішкі көрінісін цифрлық технология арқылы тамашалау — көрменің ерекше жобаларының бірі. Францияның Алматыдағы Бас консулдығы бұл бастаманы өнер мен технологияны ұштастырып, көрерменге жаңа тәжірибе сыйлау мақсатында ұйымдастырып отыр.


    «Цифрлық күз» фестивалі Қазақстанда бес жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Шымкентте биыл екінші рет өтіп отыр. Бұған дейін көрме Алматы, Астана және еліміздің өзге де қалаларында ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа технологияларды шығармашылықта қолдануға жол ашады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    МАЖАР ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.