ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
2858 тұрғыны бар Жаңаталап елді мекені таза суға әу бастан зәру. Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жаңаталап, Игілік деп аталатын аймақтағы ағайын биліктегі басшыларға сенімді жоғалтқан тәрізді. Десе де, депутаттар алдамас деген тағы бір үмітпен кездесуге келіпті. Суық күннің ызғары аяқтан өтіп, бойды алсада әлеуметтік мәселені айтуға басқосты.
Бес жылдан бері таза суды армандап, Парламентте отыратын депутаттарға алаңдап отыратын тұрғындар 2020 жылдан зор үміт күтіп отыр. Билікке біреу келіп, біреу кетер бірақ тұрғындар табжылмайды ғой. Сондықтан, халықтың өтініші аяқсыз қалмаса дейді. Е суы, е газы жоқ Жаңаталаптағы тұрғындардың тіпті жері мен үйінің құжаты да дұрыс емес болып шықты. Абай ауданының әкімдігі даладағы суыққа қарамастан кездесуді сыртқа ұйымдастырған. Бірақ, тұрғындарды бұл жағдай алаңдата қоймады. Қалай да депутаттарға өкпе-назын жеткізу керек болып тұр.
Тұрғындар тарапынан Мәжілісмендерге бас қалаға берілетін есеп үшін емес, елден алғыс алу үшін жұмыс істеңіздер деген өтініш айтылды. Елді мекендегі ақсақалдар, қордаланған мәселені жеткізе алатын аға буын өкілдері мен асыл жанды аналар жиылған кездесу кезінде таза су биылғы жылы шешілетін болды. Келесі проблема ми батпақ жолдарға келіп тіреліп тұр. Абай ауданындағы тұрғындардың негізгі арманы мегаполис мәртебесіне сай болсақ екен дейді. Әлеуметтік мәселені әбден қозғаған Жаңаталап тұрғындары сөз соңында «шүкірлік» айтуды ұмытпады. Қазыналы қариялар бата беріп, депутаттармен қол алысып, уәделесіп жатты. Иә, «уәде бұзған кісіден, өтіп кеткен жел артық» деген нақылды ұмытпайық. Ақшаға тақ сатып алсақта, аброй сатып алмаспыз.Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...
Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...
Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...
Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...
Боз кілемнен әлемдік додада Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.