2020 жылдың алғашқы аптасының өзекті мәселесіне айналған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 10 күн ішінде Шымкент қаласы бойынша 9244 отбасы ниет білдірген. Оның 2765-і нақты құжаттарды өткізіп, қалған азаматтар осы тұрғыдан қажетті кеңестер алған. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингісінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп жазады «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Дәл осы мәселе бойынша бүгінгі күні құжаттар қала бойынша 5 жерде қабылданса, енді алдағы уақытта олардың санын арттыру көзделуде. Жұмыссыздық пен масылдықты жоюға және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бұл атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, әлеуметтік пакеттің де барын еске сала кетейік.
Ол пакеттің ішінде:
-
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тамак пен гигиеналық құралдар.
-
Оқушы балалар үшін тегін ыстық тамақ және мектепке бару және қайтуы кезінде тегін жол жүру.