Түркістан облысы Полиция департаментінде жас полицейлердің арасында тәртіп пен заңдылықты одан ары нығайтып, сыбайлас жемқорлық және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша «Жас мамандардың слеті» өткізілді. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов төрағалық етті.
Тәрбиелік мәні зор кездесуде Түркістан облысы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Нұрғали Болсынов, психолог полиция капитаны Мархабат Илесовалар баяндама жасады. Полиция полковнигі Бағлан Халықов өз сөзінде: «Жас мамандарға ІІО-да қызмет ету үшін батылдық пен батырлық, қайсарлық пен шыдамдылық қажет екенін атап өтті. Одан бөлек, қай істе болмасын бірінші кезекте адал, мінсіз атқарудың парыз екенін баса айтты». Жиынның бағдарламасына сәйкес, департаменттің қалалық, аудандық бөлімдеріндегі жас мамандар арасында тәртіппен заңдылықтың сақталуы бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, тәртіппен заңдылықты сақтау бойынша лекция оқып, өзінің тәжірибелік біліктілігімен пікір алмасты.
Сонымен қатар аталған жиында жас мамандарға тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында департаменттің ӨҚБ түсірілген бейнефильмдер көрсетілді. Департаменттің Кадр саясаты басқармасының психолог инспекторларымен жас мамандарға психологиялық сабақтар өткізіліп тренингтер ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында, — «полицияның, мемлекеттің күш құралы ретінде келбеті артта қалдырылып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін көрсету құрылымы ретінде қалыптастыру» қажеттілігі көрсетілген. Осыған орай, ТО ПД-нің мәжіліс залында Түркістан ҚПБ, Кентау ҚПБ, Отырар АПБ, Бәйдібек АПБ және департамент аппаратының қызмет өтілдері 1-5 жыл аралығында қызмет еткен жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің қатысуымен кең көлемде слет өтті.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табады және департамент басшылығымен бақылауға алынған.