Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Жас мамандар слеті өтті
    Бас ақпарат

    Жас мамандар слеті өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2019Updated:24.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Полиция департаментінде  жас полицейлердің арасында тәртіп пен заңдылықты одан ары нығайтып,  сыбайлас жемқорлық және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша «Жас мамандардың слеті» өткізілді. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов төрағалық етті.

    Тәрбиелік мәні зор кездесуде Түркістан облысы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Нұрғали Болсынов, психолог полиция капитаны Мархабат Илесовалар баяндама жасады. Полиция полковнигі Бағлан Халықов өз сөзінде: «Жас мамандарға ІІО-да қызмет ету үшін батылдық пен батырлық, қайсарлық пен шыдамдылық қажет екенін атап өтті. Одан бөлек, қай істе болмасын бірінші кезекте адал, мінсіз атқарудың парыз екенін  баса айтты». Жиынның бағдарламасына сәйкес, департаменттің қалалық, аудандық бөлімдеріндегі жас мамандар арасында тәртіппен заңдылықтың сақталуы бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, Түркістан облысы ардагерлер  кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, тәртіппен заңдылықты сақтау бойынша лекция оқып, өзінің тәжірибелік біліктілігімен пікір алмасты.

     

    Сонымен қатар  аталған жиында жас мамандарға тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында департаменттің ӨҚБ түсірілген бейнефильмдер көрсетілді. Департаменттің Кадр саясаты басқармасының психолог инспекторларымен жас мамандарға психологиялық сабақтар өткізіліп тренингтер ұйымдастырылды.

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында, — «полицияның, мемлекеттің күш құралы ретінде келбеті артта қалдырылып,  азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін көрсету құрылымы ретінде қалыптастыру» қажеттілігі көрсетілген. Осыған орай, ТО ПД-нің мәжіліс залында Түркістан ҚПБ, Кентау ҚПБ, Отырар АПБ, Бәйдібек АПБ және департамент аппаратының қызмет өтілдері 1-5 жыл аралығында қызмет еткен  жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің  қатысуымен кең көлемде слет өтті.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табады және департамент басшылығымен бақылауға алынған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.