Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Нұрлан Ноғаев бұған дейін Атырау облысының әкімі лауазымын атқарып келді.