Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып «Айғақ-Ақпарат» тілшісі хабарлайды.
Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарып келді.