• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Миллионды қалада — миллион мәселе

21.11.2019
0

Миллионды қалада миллион мәселе бар. Көпшілігі бюджетке келіп тіреледі. Таршылық алқымнан алғанда, амалсыз билікке барып арыз айтып, әкімнің есігін қағады емес пе?  Бұл жолы Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік желіге жариялап, проблемасы бар тұрғындарды өздері шақырды. Сол-ақ екен, шағым арқалағандардың тізімі толып кетті.

Ел құлағы елуден қала әкімінің қабылдауы деп естігіндер шағымын арқалап жеткен. Бірі — қолына кішкентай баласын ұстап жүр,  енді бірі — сыр берген денсаулығына қарамастан амалсыз кезекте тұр. Таңғы сағат тоғыздан басталған қабылдауға түскі уақытқа дейін 12 адам кіріп үлгерді. Көпшілігі әлеуметтік мәселені қозғай келген. Әрине, ортасында жеке басына қатысты жағдайды айтқандарда болды. Солардың бірі — Қарлығаш Құлтаева. 2014 жылы айтып келмейтін апаттан аяқ-асты мүгедек арбасына таңылған азаматша өмірге өкпелі емес. Тек сол өмірде жүрген жауапсыз жандарға қапа.

Қаладағы баспана баспалдақтарының көпшілігі мүгедек жандарға жайлы емес. Қарлығаш сондықтан бірінші қабаттан үй беруін өтінді. Және тұрақты ем алу үшін квотаның құжаттары да кедергі келтірмесе екен. 35 жасар азаматша денсаулық саласындағы осы секілді мәселелерді айтып, Ерлан Айтахановпен еркін сөйлесіп алды. Әлеуметтік мәселені арқалап келгендердің көпшілігі жол, су, жарық азабынан шаршаған. Мегаполисте тұрып жатқан тұрғындар «бізге қарағанда ауылдың жағдайы айналайын» дейді. Тіпті әкімнің өзі мұны мойындап, барды бар, жоқты жоқ деді.

Қабылдауға келгендердің барлығы демесек те, тең жартысы қоғамдық көлікке ренжулі. Минут пен секунд үшін жарысатын автобустар кешкі сағат жетіде жұмысын тоқтата бастайды. Жұмыстан сол уақытта шығатын тұрғындар осы мәселені көтеріп, ашынды. Шындығында соңғы уақытта Шымкентте қоғамдық көліктің проблемасы өршіп тұр. Хабары бар әкім осы жағдайға ұзағырақ тоқталды. Жауаптыларды тікесінен тік тұрғызып, тапсырма беріп өзі қадағаламақ ниетте.

Баласын көтеріп әкімге келгеннің бірі – Эленора Шораева. Көп баласы бар ана баспана сұрай келген. Эмоцияға беріліп, мұңын ақтарған азаматшаны әкім тоқтатты. Пәтер сұрау орынды. Бірақ, заң шеңберінен аспай кезекте тұрған өзгеде адамдардың бар екенін ұмытпау керек. Дегенмен, мүмкіндік болса бұл анаға билік қол ұшын беруге әзір екендігін жеткізді. Кеңесшісіне сөзсіз сенетін әкім мәселені тексеруді тапсырды.

Биліктің басты міндеті халықтың жағдайын жасау. Бірақ жалғыз басшы барлығын тыңдауға уақыт тапшы деп отыр. Сондықтан әр салаға жауапты мамандарды қабылдауға қатыстырып, шектеулі күнде арыз-шағымдарды шешуді тапсырды. Әкімнің сөзіне әріптестері бас изеп, шешеміз деп сытылды. Тағылымды сөз айтқан даналарымыз «Бір ауыз сөз жазады — мың көңілдің жарасын, бір тәуекел бұзады — мың қайғының наласын» дейді екен. Үмітпен келгендердің кейбірі мәселесін шешіп кетті, енді бірі жылы сөзбен жанын семіртіп қайтты. Батыр Бауыржан Момышұлы «ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет» деген нақылды текке айтпаған. Билік осы сөзді жадында ұстап, нақты ісіммен дәлелдеп жүрсе арызда азайып, шағымда тиылар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.