Ел құлағы елуден қала әкімінің қабылдауы деп естігіндер шағымын арқалап жеткен. Бірі — қолына кішкентай баласын ұстап жүр, енді бірі — сыр берген денсаулығына қарамастан амалсыз кезекте тұр. Таңғы сағат тоғыздан басталған қабылдауға түскі уақытқа дейін 12 адам кіріп үлгерді. Көпшілігі әлеуметтік мәселені қозғай келген. Әрине, ортасында жеке басына қатысты жағдайды айтқандарда болды. Солардың бірі — Қарлығаш Құлтаева. 2014 жылы айтып келмейтін апаттан аяқ-асты мүгедек арбасына таңылған азаматша өмірге өкпелі емес. Тек сол өмірде жүрген жауапсыз жандарға қапа.
Қабылдауға келгендердің барлығы демесек те, тең жартысы қоғамдық көлікке ренжулі. Минут пен секунд үшін жарысатын автобустар кешкі сағат жетіде жұмысын тоқтата бастайды. Жұмыстан сол уақытта шығатын тұрғындар осы мәселені көтеріп, ашынды. Шындығында соңғы уақытта Шымкентте қоғамдық көліктің проблемасы өршіп тұр. Хабары бар әкім осы жағдайға ұзағырақ тоқталды. Жауаптыларды тікесінен тік тұрғызып, тапсырма беріп өзі қадағаламақ ниетте.
