«Dala fruit.kz» ЖШС – 2012 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданында құрылған. Бүгінде елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге отандық өнімді тасымалдап, халықтың сүйіктісіне айналып үлгерді. Жалпы көлемі 250 гектарды алып жатқан қарқынды алма бау заманауи технологиялармен жабдықталған. Өндірісі өркендеген бал шәрбатты шырын да көпшіліктің сұранысында. Ауыл шаруашылығының озық технологиясын пайдала отырып, шаруашылықтың өрісін өрге сүйреткен Болатбек Нәжіметдинұлы мамандарды Италиядан шақыртады. Есесіне, өнім көлемі де ұлғайып келеді. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне үлес қосып жатқан «Dala fruit.kz» ЖШС-не 5 қараша күні Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістанға жұмыс сапары барысында арнайы келіп, жұмыс жасау қарқынымен танысты. Бұл туралы «Dala fruit.kz» ЖШС-ның негізін салушы Болатбек Нәжіметдинұлы өзінің facebook парақшасында мәлімдеді.
Компанияда тікелей сығылған табиғи шырын мен жеміс пюресі өндіретін зауыт бар. Зауыттың қуаттылығы – сағатына 2000 литр дайын өнім шығара алады. Табиғи жеміс шырыны мен жеміс пюресі өндірісінде ешқандай қоспалар пайдаланылмайды. Шығарылатын өнімдердің тағамдық құндылығы жоғары, оның маңыздылығы тек дұрыс тамақтану үшін ғана. Тікелей сығылған шырын үш көлемде шығарылады: әрқайсысы 1литр, 1,5 литр және 3,0 литр. Сақтау мерзімі – 1 жыл, қаптама ашылған күннен бастап бір айдан аспайды. Табиғи шырынның орамасы толтыру клапаны шырыннан қаптамадан ағып кететіндей етіп жасалған, бірақ тікелей қаптамаға ауа жібермейді. Бұл шырынның ашылғаннан кейін жеткілікті ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік береді.