Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жасқа келген Шаймерден Сүйіндіков 30 шілде күні өмірден озды.
18 жасында әскерге аттанған жас сарбаз 1943 жылы 12 ақпанда Новосибирск қаласында №63 ерікті атқыштар дивизиясының 92-ші гвардиялық полкіне қарасты артиллериялық дивизионында көздеушілікті үйреніп, сұрапыл соғыс кезінде зеңбірек командирі болған. Бірнеше айдан соң Ленинградтан 53 шақырым жердегі Выборг қаласында екінші дүниежүзілік майданға еніп, бірінші шайқасында дұшпанының 3 танкін отқа орап, жойып жібереді. Осы секілді қан майданда көрсеткен ерлігі ұрпаққа үлгі.
