Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 12 ақпан күні полиция генерал майоры Ерлан Тұрғымбеков Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған
Анықтама:
Ерлан Заманбекұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми еңбектері
Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік».
- «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.
Қызмет жолы:
- 1984 жылдан — Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі.
- 1986 жылдан — Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
- 1993 жылдан — Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.
- 1995 жылдан — Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы.
- 1996 жылдан — Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы.
- ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы.
- 1997 жылдан — Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
- 2000 жылдан — ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы.
- 2002 жылдан — ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
- 2003 жылдан — СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан — ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
- 2006 жылдың шілде айынан бері- Алматы қаласының ІІД бастығы.
Марапаттары
- II дәрежелі «Даңқ» ордені;
- II дәрежелі «Айбын» ордені;
- III дәрежелі «Александр Невский» (РФ) ордені;
- 11 медальмен марапатталған.
- ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.