• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 7 ақпан, 2019 жыл.

08.02.2019
0

 — Қызылорда облысы 2018 жылы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» ретінде танылды. Мұны бағалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлына «Хан тәңірі» сыйлығын табыстаған болатын. «Өңірлердің өсуі» атты жобаның негізінде әріптесіміз Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттап, Қызылорда қаласы әкімінің халыққа берген есебін тыңдап қайтты.

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданындағы шоколад цехын ашып, аралау барысында «Түркістан» шоколадын жасап шығаруды ұсынды. Сондай-ақ, Бірінші Мамыр ауылындағы емхананың ашылу рәсіміне де қатысып, ондағы мамандардың жұмысына сәттілік тіледі.

— ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина Түркістан облысына табан тіреді. Ондағы мақсат облыстағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге жеке есепшот ашып, қаржы салу. Мәжілісмен Арыс қаласы мен Шымкент қаласындағы 7 балаға көмек қолын созды. Бүлдіршіндермен кездескен Майра Айсина балалардың жеке құқықтарын және заң аясын таныстырып өтті.

— Мемлекет басшысы жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауларында егемен еліміздің өсіп-өркендеуі жолында айқындап берген басымдықтар ішінде ұлт денсаулығына айрықша көңіл бөліп келеді. Міне, осы бағыт аясында Түркістан облысында да  ауқымды жұмыстар қолға алынып салада бірқатар көрсеткіштер бойынша  оңды нәтижелер байқалып отыр. Айталық 2018 жылдың қорытындысымен облыста ана өлімінің көрсеткіші 35,6 пайызға төмендесе, нәресте өлім де сәйкес мерзіммен салыстырғанда едәуір азайған. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев өткен жылдың қорытындысы мен алдағы міндеттер барысын баяндаған баспасөз жиынында мәлім етті.

— «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды  жүзеге асырудың ауыз су шаруашылығында   тиімділігі қандай?! Бұл туралы бүгін, «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесінің төрағасы Анарбек Орманов баспасөз жиынында айтып берді.

— Кәсіптік саладағы мамандардың санын арттыру бүгінгі заман талабы. Шарадара ауданындағы №16 колледжде 800-ге жуық талапкерлер кәсіптік білім алуда. 10  мамандық бойынша сапалы білім беретін оқу ордасында 600 студентке шақталған жатақхана қарастырылған.

— 6 ақпан күні Шымкент қаласының Байтұрсынов көшесі мен Келешек көшелерінің қиылысындағы жекелген тұрғын үйлердің бірінде жергілікті ерлі зайыпты кәсіпкерлерді белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Қолда бар мәліметтер бойынша қарулы адамдар үйге терезе арқылы кірген. Ал, қарақшылық шабуыл салдарынан  64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы зайыбы қаза тапқан. Әзірше қылмыскерлер кәсіпкердің үйінен  алтын әшекей бұйымдар ұрлағаны белгілі. Айдың күнінің аманында орын алған бұл қылмыстық оқиға қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Себебі, Елбасының өзі қоғамдық қауіпсіздік саласына баса мән берілуі қажет деп отырған тұста осындай ауыр қылмыстардың орын алуы көпшілікті бей-жәй қалдырмайтындығы анық. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының көптеген көшелеріне соңғы жылдары бейнебақылау камералары орнатылып қауіпсіздік шаралары мықтап қолға алынып отырғанымен осындай жан түршігерлік қылмыстардың орын алып жатқандығы әлі де болса қоғамдық тәртіпті күшейте түсу қажеттігін айқындап тұр. Күні кеше Шымкент қаласында орын алған осы бір ауыр қылмыс жергілікті ардагерленр қауымын да алаңдатып отыр. Осы орайда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудин ақсақал мұндай әрекеттердің орын алуы бірінші кезекте тәрбие мәселесіне байланысты екендігін айтады. Сонымен бірге қылмыстық оқиғалардың дер кезінде алдын алып анықтау бағытында құқық қорғау органдары да табанды жұмыс жасаулары қажет деп санайды.

— Білікті дәрігер, елімізге аты әйгілі хирург-трансплантолог, Мәди Биғалиев өмірден озды. Алтын скальпель иегері, 40 жыл ғұмырын медицинаға арнап, Гиппократ антына берік болған, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург өз ісінің білігірі еді. Ұзақ жылдары №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (бұрынғы Шымкент қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы) болып абыроймен қызмет атқарған. Ол Қазақстандағы санаулы трансплантологтың бірі еді. Скальпель алмаған бірде бір күні болмаған ақ халатты абзал жан 125 қазақстандықтың бүйрегін, 17 отандасымыздың бауырын алмастырса, былтыр 16 шетелдік азаматқа сәтті ота жасады.  Мәди Биғалиевтің мезгілсіз қазасына орай отбасы мен туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз! Алды пейіш, арты кеніш болсын. Алла ұрпақтарына өмір берсін!

«Айғақ-ақпарат».

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.