• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 5 ақпан, 2019 жыл.

06.02.2019
0

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Іс-сапармен келген мәжілісмендердің қатарында Қуаныш Сұлтанов, Жамбыл Ахметбеков, Құдайберген Ержан және Кеңес Абсатиров бар. Кездесу барысында Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Өңір басшысы аймақта атқарылып жатқан шаруаларды таныстыра келе, қолға алынған құрылыс жұмыстарына тоқталды. «Түркістан қаласының келешектегі бас жоспарына сәйкес, қала құрылысы мен сәулеті үш бағытта жүргізіледі. «Тарихи аймақ» — 88,7 гектар, «Рухани-мәдени орталық» аймағы — 98 гектар, «Әкімшілік-іскерлік орталық» аймағы — 700 гектарды құрайды. Осыған орай, құрылыс нысандарына қажетті жерлерді қайтару жұмыстары заң негізінде жүргізілуде. Әкімшілік іскерлік орталықта бірнеше нысанның құрылысы қатар жүреді. Яғни онда облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс-орталық тұрғызылады»-деді Жансейіт Қансейітұлы. Түркістан бүкіл түркі әлемінің жүрегіне жақын екендігін айтқан халық қалаулылары, Елбасы тапсырмасы бойынша киелі шаһардағы қарқынды құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі. Астанадан арнайы іссапармен келген мәжіліс депутаттары, өңірдегі сайлаушыларымен де кездесіп, көпшіліктің көкейдегі пікірлерін тыңдамақ.

— Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев 2018 жылдың жұмысын түйіндеді. 13 ауылдық округі бар аймақты толық аралаған әкім есептік кездесудің қорытындысын ауданның орталығында өткізді.  Қаржы мамандығын игерген әкім өткен жылы бюджеттің кірісін көбейту үшін күш жұмсап, миллиардтарды еселепті. Халық алдындағы баяндамасын осындай мәліметтерден бастаған Қазығұрттың басшысына жергілікті тұрғындар жақсы баға беріп жатты.

— «Айғақ» телеарнасында тағы да жаңа жоба. «Өңірлердің өсуі»  – Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттай отырып, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне ат салысуды көздейді.  Дайындалған сараптамалық материал «Айғақ» телеарнасының aigak.kz сайты, фейсбук, инстаграмм парақшаларында жарияланатын болады. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстарын жариялауға бүгін арна журналистері жолға шықты. 6 ақпанға белгіленген қорытынды мәжілістен арнайы репортажды алдағы уақытта көретін боласыздар.

— Түркістан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәбитов Арман облыстың жалпы экономикалық көрсеткіші бойынша есеп берді. Мәселен, облыстағы аргоөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар 2017 жылмен салыстырғанда жоғары нәтижені көрсетіп отыр. 2017 жылы облыста өндірілген өнім мөлшері 482,4 млрд теңгені құраса, 2018 жылы 542,8 млрд теңгеге жеткен.

— Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары өзгерді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев брифинг өткізді. Онда мемлекеттік қызмет саласына енгізілген жаңалықтар айтылды. «Б» корпусы лауазымына үміткер тұлғалар үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуде жауаптардың растық деңгейі 50%-дан кем болмауы тиіс деп отыр. Егер көрсеткіш нәтижесі төмен болса үміткер жеке қасиеттерін бағалаудың растық деңгейінен өтпеді деп танылады. Алайда бір ай уақыттан кем емес мерзімнен соң қайта өтуге мүмкіндік алады. Бірінші ақпаннан бастап, департамент қызметшілері өңірлердегі тестілеу орталығында тестілеу әкімшісі ретіндегі қызметін тоқтатты. Бұл қызметті «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның тестілеу операторы атқаратын болады. Сондай-ақ, осы уақыттан бастап «Б» корпусының бос лауазымына үміткерлер конкурс жариялаған мемлекеттік органға заңнаманы білу туралы сертификат пен жеке қасиеттерін бағалау қорытындысын өткізбейді.

— Үшінші мегаполисте «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалының кезектен тыс 36 конференциясы өтті.  Бұл келелі жиында күн тәртібіндегі үш түрлі мәселе қаралып, тиісті жұмыстарды жүргізу туралы қаулы қабылданды. Конференцияға Парламент Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары   Бахадыр Нарымбетов қатысып, еліміздегі жетекші партияның алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар ретімен бөлісті.

— Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Бұл сайыс 4 жыл сайын ұйымдастырылып  тұратындығы мәлім. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен өз бақтарын сынайтын болады. Шымкент қаласында бұл спартакиада ақпанның 4 –і мен  10-ы  аралығында өткізіледі. Барлығы 17 команда, 14 облыстан 3 қаладан, жалпы саны 700- ге тарта үздік спортшылар қатысып отыр. Кең көлемде өткізілетін сайыстың спорт сүйер қауымға берер мүмкіндігі орасан зор. Ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов спортшыларды құттықтап, барлығына сәттілік  тіледі.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.