• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қырымбек Көшербаев: «Жеткен жетістігіміздің барлығы — ауызбіршіліктің нәтижесі»

06.02.2019
0

Алдағы уақытта Арал мен Байқоңырдың экологиясы туралы Заңға тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Елбасы Сыр елінің барлық көкейтесті проблемаларына қамқорлық танытып отырғандығын айтқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекет басшысына өз алғысын білдірді.

Биыл 30 қаңтарда Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста тапсырылған тапсырмалардың барлығы орындауда өзінің лайықты орын алатындығын атап өтті.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаевтың 2018 жылы атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.

Шағын және орта бизнесті дамытуда — Қызылорда облысы еліміз бойынша бірінші орынға шыққан. Бұл —  тұрақты жұмыс орындарының көптеп ашылғандығының дәлелі. Былтыр Қырымбек Елеуұлының бастамасымен 264 елдімекеннің барлығын аралап, жұмыссыздардың статистикасы түзілген. Бір ғана Қызылорда облысында      32 млрд. қаражат кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалып отыр. Нәтижесінде, жергілікті бюджетті нығайту арқылы — салықтық база ұлғайып келеді. Есесіне, қаладағы қоғамдық саяси тұрақтылық та сақталатын болады.

Қызылорда әкімінің шағын және орта кәсіпкерлікті өзі тікелей сараптап отыратындығын білдік. Наубайхана бар ма, шаштараз бар ма, монша бар ма? Мұның барлығы кәсіпкерлікті дамытуға негізделгендігін атап берген Қырымбек Елеуұлы  электрмен жабдықтауда екі пробемалық мәселе бар екендігін ашып айтты. Олар: Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласы. Бұл бағыттағы мәселені шешу үшін тиісті сала басшысына арнайы тапсырма берді.

Облыс орталығында жалпы  766 көше бар, тас төселгені 35 болса, 322-і қара жол. Қырымбек Көшербаев ендігі күшті кіші жолдарға салу керектігін назарға алды. Қала көшелерін өзі аралап шыққан. Өзге саладағы шығындарды қысқартып, осы мәселені шешіп беру керектігін алға тартты. Алдымен, мектепке барар жолдарды жөндеу қолға алынады. Бұл мәселенің қоғамдық кеңесте тағы бір қаралуы тапсырылды.

«Жол құрылысын жүргізуге 3,3 млрд. теңге бөлуге мүмкіндігім бар. Құрметті жерлестер! Қырқына шыдадық, қырық біріне шыдайық. Барлығы да өз шешімін табады. Тұрғын үй бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сол жақ жағалаудағы қала құрылысын қайта қалпына келтіруіміз керек. Қызылорда жасару, жаңару жолына кірісті. Ардақты ағайын, келер ұрпаққа әсем қаланы сыйлап кетейік» — деп сөзін қорытындылаған облыс басшысы жеткен жетістіктің барлығы — ауызбіршіліктің нәтижесі екендігін атап берді.

Айта кетейік, кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан қалалар мен өңірлер «Хан Тәңірі» сыйлығына ұсынылып келеді. Рейтинг бизнес-ахуалды жақсарту жөніндегі реформаларды тәжірибеде анағұрлым белсенді түрде жүзеге асыратын және қолданатын өңірлер мен қалалардың позициясын анықтайтын толыққанды тетік болады. 2018 жылы бұл сыйлықты Елбасының қолынан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы алған болатын.

Жиын барысында сөз алған Қызылорда қаласы, Сабалақ саяжайының тұрғыны Г.Байымбетова ауыз су мәселесінен бөлек, табиғи отын, жол секілді инфрақұрылымның қашан шешілетіндігін сұрады. Өз кезегінде қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы соңғы уақытта қала аумағының 11 мың гектардан 20582 га ұлғаюйына байланысты жаңадан қосылған елдімекендер мен саяжайлардың инфрақұрылым мәселелерін шешу — өзекті болып отырғандығын жасырмады. Дегенмен, жоспарлы жұмыстардың арқасында және облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, көп ұзамай бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді.

«Айғақ-ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

БҮГІНГІ ТӘРБИЕ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ата сөзі ақылдың көзі. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері бір алаңда...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

АЛАЯҚТАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Енді көпе-көрнеу жасалатын алаяқтық схемалардың жолы кесіледі. Өйткені шымкенттік жастар жасанды интеллекттің көмегімен өзгенің атын жамылып жарнама жасаушы парақшалар мен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК АСПАНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШОУ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Республика күні Шымкент аспаны мың батпырауыққа толып, ShymCity Park аумағы мерекелік алаңға айналды. Мұнда арнайы фестиваль өтіп, мото маусымының жабылу...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК БАЙРАҚ АСҚАҚТАДЫ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ел боламын деген жұрттың еңсесін тіктеп, рухын асқақтататын ұлық мерекесі бар. Ол – Республика күні. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ БАҒДАР

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Елдің ертеңі қандай болмақ? Қазақстанды жаңғырту жолында қандай басымдықтарға мән берілуі керек? Бұл сауалдарға жауап іздейтін еңбектердің бірі – Мәулен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БАР?

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.