Б. Сағынтаев: Елбасы алға қойған барлық міндеттер нақты орындалуы тиіс

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев биыл 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін одан әрі іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы, Білім және ғылым министрліктерімен бірге және әкімдерге мектеп салу мен жөндеу функцияларын оларды қаржыландыру функцияларымен бірге өңірлерге беру мәселесін пысықтау тапсырылды. Бұл бюджет процесін оңайлатып, мектептерді салуды немесе жөндеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Медицина жұмыскерлерінің практикалық даярлығын күшейту үшін Денсаулық сақтау министрлігі практикалық дағдыландыруға назар аудара отырып, халықаралық стандарттар бойынша оқытудың қазіргі заманғы бағдарламаларына көшу жөнінде ұсыныстар енгізіп, әкімдермен бірге биыл мемлекеттік ауруханаларды меншікті клиникалық базалар ретінде медициналық жоғары оқу орындарына беру мәселесін пысықтауы тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика, Қаржы, Білім және ғылым министрліктерімен бірге:

  • жұмыс істеп жүрген адамдарды үздіксіз оқытудың кешенді жүйесін іске қосуды (life-long learning) қамтамасыз етуі тиіс;

  • жұмыс берушілермен ынтымақтаса отырып, салықтық шегерімдерді кәсіпорындардың персоналын оқыту шығыстарына қолдану мүмкіндігін зерделеуі қажет;

  • қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату курстарына ақы төлеудің ваучерлік негіздерін қарастыру қажет;

  • электрондық Еңбек биржасының негізінде кәсіптік дағдыға оқытатын, сондай-ақ «қажетті» дағдыларды үйрететін және алған дағдыларын жұмыс берушілер мойындайтындай сертификат беретін оқу курстарының ауқымды тізбесі бар Жалпыұлттық оқытудың онлайн-порталын іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге:

  • мемлекеттік органдарда қазіргі бизнес процестерді түбегейлі қайта қарау жөніндегі шараларды әзірлесін, ең алдымен қағаздан бас тартып, 2020 жылдан бастап толықтай электронды құжат айналымына көшуі қажет;

  • халыққа жүргізіліп жатқан реформалар туралы үнемі ақпарат беріп, кері байланысты қамтамасыз етуі қажет.

Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен бірге:

  • әлеуметтік төлемдерді есептеу және еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем түрінде төлеу тәртібін оңайлату қажет;

  • жеке тұлғалар үшін жер салығы мен ондағы құрылысқа салынатын салықты жылжымайтын мүлікке салынатын бір салыққа қосу мәселелерін пысықтасын және көп пәтерлі тұрғын үйлерде жер салығын алып тастау мәселесін қарау тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі:

  • Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге 2019 жылдың ортасына дейін «Сапалы Қазақстан» кешенді жоспарын әзірлеп қабылдасын, онда халықаралық деңгейге сәйкес келетін қазақстандық стандарттарды, техникалық регламенттер мен нормаларды 3 жыл ішінде енгізуді, заманауи зертханалық базаны дамытуды ескеруі тиіс;

  • Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, Назарбаев Университетімен бірге алдыңғы қатарлы ғылыми-технологиялық компанияларды құрылған инновациялық экожүйені, оның ішінде Astana Business Campus пен Astana Hub халықаралық АТ стартаптар технопаркін одан әрі дамытуға стратегиялық әріптес ретінде тартуды пысықтауы тиіс.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Президент белгілеп берген міндеттердің бәрі нақты орындалуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік органдардың басшыларына Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша ұсыныстарды Үкіметтің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарына қосу үшін Ұлттық экономика министрлігіне үш күн мерзімде енгізу тапсырылды.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...