Б. Сағынтаев Астанадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, өрт қауіпсіздігі тексерістері сапасының бақылауын күшейтуді тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында өрт кезінде қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарының қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтты.

Жан түршігерлік жағдай Астанада 4 ақпан күні орын алды.

«Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына, барша ағайындарына қайғырып, көңіл айтамыз», — деді Б. Сағынтаев.

Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановтың және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың аталған отбасыға қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев алдағы тәуліктерде бірқатар өңірлерде күннің қатты суытатынына орай, әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Өйткені, жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жеке үйлерде пеш жағу да күшейе түседі. Сондықтан, қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше назар аудару тапсырылды.

ҚР Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылу беру маусымы аяқталғанша өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастау тапсырылды. Жылу мен энергия беретін барлық ұйымдар, әкімдіктердің тұрғын-үй коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жеткілікті деңгейде жылумен және жарықпен қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қызметтер іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені әкімдіктерге ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктері мен ҚР ІІМ-ге қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жеке үйлердегі өрт қауіпсіздігіне жүргізілетін тексерістер сапасына ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Қатаң талап болуы тиіс.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...