Шымкентте алғаш рет 24 -сағат ішінде шағармашылық жұмысын іске асырып, жоба әзірлейтін жастардың сайысы бастау алды. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған, жаңа форматтағы жарысқа 1600 ге жуық жастар қатысып, бүгін негізгі тапсырмаларын алды.
Қала әкімдігі қолдау көрсетуімен, «U: projects» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы мен өткізіліп отырған фестивалдің бүгінгі салтанаты ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай келіп, қатысушы белсенділерге сәттілік тіледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп атады. Осыдан бастап, қазіргі таңда жер жерлерде идеясы үздік белсенді жастарға барынша қолдау танытылып, жобаларын ашық жүзеге асыруына мүмкіндік беріліп отыр.
Ұлдархан Уәлиханқызы.










