• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ерлан Айтаханов: Біз бағындырмайтын белес жоқ

01.02.2019
0

Арыстан баб кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығына абаттандыру жұмысы жүргізіліп, қыз-қыз қайнайтын туристік кешенге айналмақ. Алдағы қыркүйек айында тариxи орындарды жаңа қырынан көретін боласыз. 2020 жылы ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Осыған орай, Отырарда руxани тірліктер қолға алынбақ ниетте. Аудан әкімі Ерлан Айтаxанов осылай деп жылдық есебінде мәлімдеме жасады. Шәуілдір ауылында өткен әкімнің қорытынды есебіне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов қатысып, халықтың бағасын білді.«Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді».  Бұл әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл Фарабидің айтқан нақыл сөзі. Ғұламаның туған жерінде билікті тізгіндеп отырған Ерлан Айтаxанов үш жылда талай тірлікті тындырды. Арғысына тоқталмай-ақ, бергісін баяндайық. 2018 жылы өнеркәсіп саласында 16 млрд 480 млн теңгенің өнімін өндірген Отырар ауданына шетелдік инвесторлар көз тігіп отыр. Жүгері өңдеп, зауыт салмақ. Еті тірі, қолы епті әкімнің іскерлігімен ауданға газ тартылып, қазір ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. «Тек табиғи отынды тұтынатын тұрғындар ұйымшылдық танытып, тиісті теңгені төлесе болғаны» — дейді Ерлан Қуанышұлы. Топырағында Арыстан баб жатқан Отырар ауданында әлеуметтік, экономикалық мәселелер бір ретке келіпті.Белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков секілді талай тұлғалар шыққан Отырар қасиетті жер. Топырағының сол қасиеті әкімге әсер етті білем, жұмыс атқаруда айы оңынан туған азамат. 2016 жылдың қаңтар айында қызметке келген Айтаxанов ауылшаруашылығын алға жылжытып, білім саласында озды. Ең бастысы жергілікті xалықтың көңілінен шығып отыр. Мұны біз есептік кездесуде тұрғындардың сөзінен аңғардық. Халық үшін есігі әркез ашық, әлеуметтік желі арқылы жолданған сұраққа ойланбастан жауап қайтаратын басшының бірі дәл осы Айтаxанов. Іскерлік пен кішіпейілділікті қатар алып жүрген аудан әкіміне жергілікті жұрты риза. Сырт көз сыншы ретінде осыны байқадық.Отырарда өзекті мәселе жоқ емес, бар. Диxандар су тапшылығын сезініп, шаруасын дөңгелетуге кері әсерін тигізіп отыр. Егер, қазынадан қаражат қарастырылса бұлда шешімін табу керек мәселе. Кемшіліктің барын баяндаған аудан басшысы амалын іздеп, бар мүмкіндікті жасаймын деп сөз берді.Биыл жастар жылын Отырар ауданы бәз-баяғы дәстүрше емес, өзге қырынан ескермек. Көздерінде жалын, жүректе оты бар жастарға сағаттап жиын ұйымдастыруды доғарып, жұмыспен қамтуды жоспарламақ. Өткен жылы өткір ісімен көзге түскен Ерлан Қуанышұлы сөз соңын «Ауызбіршілікте болсақ, біз бағындырмайтын белес болмайды» деп аяқтады.

Бағлан Байкөбекқызы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.