• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 20, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 15 желтоқсан, 2018 жыл

17.12.2018
0

— Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұрпағына аманаттаған бабалардың еркіндік таңының атқанына ширек ғасырдан асты. Ел Тәуелсіздігінің 27 жылында экономикасы дамыған әлемдегі отыз мемлекеттің қатарына ену жолындағы еселі еңбек өз жемісін беріп келеді. Елін сүйген елбасының асқан кемеңгерлігі, әрі көрегендігі. Биыл тарихи оқиғалардың куәсі болған Түркістандықтар мерекені кең көлемде атап өтті. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақ пен достықтың нығаюына қосқан үлестері үшін 55 адам түрлі марапаттарға ие болды.

—   Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығы күні кеше Шымкент қаласында ауқымды түрде аталып өтті.  Түркістан сарайында ұйымдастырылған мерекелік шарада ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мемлекет басшысы тарапынан «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Атап айтар болсақ, мерейлі күнде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай «Құрмет» орденін кеудесіне тақты. Ол үшінші мегаполистің  дамуы мен көркеюуіне елеулі үлес қосып жүрген іскер азамат. Қайрат Ырзақұлұлының  мемлекеттік қызметте атқарған жұмыстары мен жетістіктері бүгінде мемлекеттік қызметшілерге үлгі. Еліміздің басты мерекесі қарсаңында табыс етілеген марапаттар тәуелсіздіктің жемісі.

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері мен «WoldSkills Kazakhstan-2018» ұлттық чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады. Марапатталғандардң қатарында «Дарын» сыйлығының иегері әріптесіміз Салтанат Тойболова да бар. Түркістан облысының мерейін үстем еткен мақтаныштарымыз арнайы алғыс хаттармен марапатталып, алған әсерлерімен бөлісті.

 — Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында «Жастар сарайы» ашылды. Енді аталмыш аймақтың жастары бос уақытын тиімді пайдалана отырып, сүйікті істерімен айналыса алады. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қолданысқа берілген нысандарды да аралады.

— Шағалалы Шардара қаласында «Болашақ»  оқу орталығы ашылды. «Туған жерге туыңды тік» деген мақал дəл бүгінгі іс-шараға айтылғандай. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Серманизовтың қолдауымен ашылған білім ордасы жастардың зердесін ашып, болашаққа бастайтын даңғыл жолдың алғашқы қадамы болмақ.

—  Қойнауы шежіреге толы Отырар ауданының халқы үшін егемендіктің 27 жылдығы ерекше есте қалды. Өйткені, бақытты ғұмырды тарту еткен қос бірдей Кеңес Одағының батырларына ескерткіш қойылып, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне мемориалды кешен ашылды. «Арыс жағалауы» атты саябақтағы бұл нысанға бюджеттен бірде-бір тиын жұмсалмаған.Сондай-ақ Фараби туған мекенде «Оқсыз» спорт кешені ашылып, еңбегі сіңген азаматтар марапат төрінен көрінді.

— Отырар ауданында  вальс королі  Ш.Қалдаяқовтың атынан аллея ашылды. Жалпы құны 43 милл 680 мың теңгені құрайтын саябақ тұрғындардың жайлы қыдырып серуендеуіне ыңғайластырылған. Сонымен қатар айтулы күні аудандық жәрменке ұйымдастырылып 13 ауылдық округтен 55 тонна өнім сатылымға шығарылды.

 – Еліміздегі үшінші мегаполис статусына ие  Шымкент қаласында ағымдағы жылдың қазан айында  әйгілі «World class» брендінің фитнес клубы ашылып өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттап 30 дан астам спорт түрлері бойынша жаттығу жасауға мүмкіндік беретін кешеннің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге барлық талаптарға сай келетін басейні бар фитнес орталығы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай суда жүзу спортынан жарыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен  марапаттады

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.