Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 7 желтоқсан, 2018 жыл
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 7 желтоқсан, 2018 жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.12.2018320 Views

    — Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабарэ мырза бастап келген делегациямен кездесті. Мәртебелі қонақтарға алдымен облыстың келешектегі даму жоспарын таныстырып аймақтың  экономикалық әлеуетін сөз еткен өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға барынша қолайлы жағдайлар жасалып отырғандығын жеткізді.  «Бұл ретте француздық компаниялар «Ақылды қала» сынды озық жобаларды ұсыу арқылы біздің аймақпен бірлесе жұмыс жасауға ниетті екендіктерін білдірді.

    — «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Ресей Федерациясының құрамындағы қазақтың байырғы астанасы Орынбор қаласында іс-сапармен болды. Тарихи астанада түсірілім жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты – Орынбор шаһары туралы және онда білім алған алаштың қайраткерлерлері жөнінде деректі фильм түсіру. Ізденістен талмаған ұжым қызықты ақпараттарға кезікті. Соның бірі — Күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» күйінің шығу тарихы.

    — Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жұмыс сапарымен Новосибирск қаласында болды. Облыстың бас дәрігері Новосібір облысының Денсаулық сақтау вице-министрімен және медициналық мекемелердің басшыларымен кездесті. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің ректоры Игорь Маринкин ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Новосібір мемлекеттік медициналық университеті арасындағы меморандум барысында тараптар өзара түсіністік пен өзара тиімділік негізінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Меморандум барысында мемлекеттік ауруханаларды жаңғырту үшін денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру, телемедицина саласындағы ынтымақтастық, денсаулық сақтау саласында бірлескен ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастыру сондай-ақ, денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жоспарлануда. Тараптар медициналық ғылым саласындағы ақпараттармен алмасып, тәжірибемен, жаңа технологиялар мен жаңа медициналық жабдықтарды әзірлемелермен бөлінетін болады. Меморандум жаңа 2019 жылдан бастап күшіне енеді.

     – Кентау қаласының  өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың 10 айында 26 млрд 379 млн тенгенің өнімі өндіріліп 100 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұдан өзге биыл ауыл шаруашылығы саласы бойынша да жоғары нәтижеге жеткен Кентауда тиісті  саладағы өнім көлемі  43 млрд тенгеге жуықтап  «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сынды мемлекеттік бағдарламалар асыра орындаған.  Бұл туралы қала  әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев 10 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арнап өткізген арнайы баспасөз жиынында мәлім етті.

    — «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы».  Осы тақырыптағы, жас ғалымдармен студенттердің 6 -шы халықаралық ғылыми конференциясы бүгінен бастау алды.  Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Перзиденті- Елбасының қоры ұйымдастырған алқалы жиын, Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясыныда дәстүрлі түрде 6 -шы жыл өткізіліп отыр.  Мұнда, 100 ге тарта жастардан,  700-ге тарта медицина тақырыбында  ғылыми жобалар келіп түскен.

    — 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты барлық оқу орындарында жаппай ашық сабақтар өткізілді. Солардің бірі Политехникалық колледж. Айтулы күнге орай оқу орны апталықтар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырған.

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.