Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда бірқатар мәселелер қаралды. Соның ішінде, Шымкент қаласының «Қала күні» мерекесінің өтетін күнін белгілеу мәселесі қаралды.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Шымкент қаласының «Қала күні» мерекесін 2019 жылдан бастап 19 маусым күні атап өту туралы мәслихаттың шешімін қолдады.
Енді келесі жылдан бастап мегаполис тұрғындары «Қала күні» мерекесін 19 маусым күні тойлайтын болады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылған болатын.
«Айғақ-ақпарат».