Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы жұмысшылардың орташа айлығы 103 464 теңгені құрайды деп «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен фракция отырысында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов мәлімдеді.
Әлібек Тілегенов айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақылары төмен азаматтардың салықтарын 10 пайыздан 1 пайызға төмендеткен жағдайда, болжаммен бюджет түсімі 1 млрд. 219 млн.тг азаяды.
Бюджет жоғалтымы болғанымен ,төмен жалақы алатын азаматтардың орташа айлық жалақылары 2500-3000 теңгеге артады.
Тілегеновтің пікірінше атқарылған шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқаты бір жаңа деңгейге көтеріледі.
Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ