• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков: «Мұғалімдер тек өзінің тікелей міндеті – бала оқыту мен оның тәрбиесімен ғана айналысуы қажет»

29.08.2018
0

Төлеби ауданынында биыл облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 5 мектептің жанынан қосымша құрылыс жүргізілген. Нәтижесінде аталмыш білім нысандары жаңа оқу жылында өз шәкірттерін қабылдайтын болады. Бұл туралы аудандық  білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде білім бөлімінің басшысы Роза Аманова мәлімдеді. Сонымен бірге алдағы оқу жылына дайындықты пысықтап, мақсат-міндеттер айқындалған жиында еселі еңбектерімен көзге түскен бірқатар ұлағатты  ұстаздар қауымы марапат төрінен көрінді.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің көкейтесті мәселелерін ортаға салып, еркін ой бөлісу мақсатын көздейтін дәстүрлі  тамыз кеңесі Төлеби ауданында да өтті.  Осы бір басқосуға келген аудан әкімі Бауыржан Омарбеков бұл күні аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдына орнатылған білім көрмесін аралап, көрмеге ұсынылған мектеп оқушыларының үздік жұмыстарымен де танысты.

Мұнан соң білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін, өткенге ой жіберіп, келешекке бағдар түзіп, жаңа оқу жылының міндеттерін айқындайтын білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өз жұмысын бастады. Жетпіске жуық орта арнаулы білім мекемелері бар ауданда оқушылардың саны 25 мыңға таяса,  оқу ордаларында 2900-ден астам   ұстаздар қауымы еңбек етеді. Басты мақсаттары — өскелең ұрпаққа саналы тәрбие сапалы білім беру болып табылатын ұлағатты жандардың еселі еңбектері арқасында аймақ шәкірттерінің де жетіп жүрген жетістіктері аз емес. Міне, осы бір жүйелі істерді әрмен қарай ілгері жылжытып, жаңа оқу жылына жасалатын жоспарды нақтылайтын  тамыз кеңесінің де маңыздылығы айрықша. Осы орайда  аудан көлеміндегі  білім саласы қызметкерлерімен қатар зейнеткер ұстаздар, кәсіподақ ұйымы және аудан әкімі қатысқан жиында  білім бөлімінің басшысы Роза Аманова  баяндама жасап алдағы мақсат міндеттерге тоқталды.

tt2 t4

Сонымен бірге еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі – мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі түрде арттыру болып табылады. Бұл бағытта Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің мұғалімдерін де жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткізу жұмыстары қарқынды түрде орындалып келеді. Айталық жаңа оқу жылынан бастап 8-сыныптарда Химия, Биология, Физика, Информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Осыған сәйкес жаратылыстану пәндерінің 81 мұғалімі ағылшын тілін меңгеру бойынша тілдік курстардан өткен. Осы орайда кеңес барысында бірқатар баяндамалар жасалып, орамды ұсыныс пікірлер ортаға салынды.

tt4

Биылғы тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өтті. Яғни бұл бағытқа сәйкес білім беру жүйесінде белсенді, шығармашыл,  ІТ технологияға сауатты, ағалшын тілін білетін адамгершілігі мол азаматтық кемелденген маңызды тұлғаны дайындауға басымдық беріледі. Сондықтан да өскелең ұрпақтың алған ақпаратты жүйелей алуы үшін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында мектептердегі оқу бағдарламалары өзгертіліп келеді. Осы орайда жиында сөз сөйлеген аудан әкімі де алдағы еселі міндеттерді жүзеге асыру жолында ұлағатты жандардың ебектеріне табыс тіледі.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков білім саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша мұғалімдер біздің қоғамның интеллигенциясы ретінде тек бала тәрбиесімен айналысулары қажет екенін атап өтіп, мұғалімдердің негізсіз, ретсіз өзге де істермен немесе мектептің мәселелерімен айналыспау керек деп үндеу тастады.
Сондай-ақ, аудан әкімі жаңа оқу жылынан бастап жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін В1, В2, С сертификаттарын иеленген 81 ұстазға 12 млн. қаржы қаралатынын атап өтті.

tt7

Тамыз кеңесінде білім саласында еселі еңбек етіп келе жатқан бірқатар ұлағатты ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды. Олардың арасында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін бірқатар білім саласының қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды.  Солардың  бірі білім саласында 40 жылға жуық еңбек өтілі бар Әбдіжаппар Сұлтанқұлов. Ұзақ жылдар бойына кәсіподақ ұйымында басшылық қызмет атқарған азаматқа да бұл күні сый құрмет көрсетіліп, иығына шапан жапты.

Абай Омар

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.