Бүгін Түркістан облысы мәслихатының депутаты, «Шымкент Ет» ЖШС-ның директоры Қасымбай Әбдіхалық дүниеге келген.
2005 жылы ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министірлігінің құрмет грамотасымен, 2008 жылдары облыстағы әлеуметтік салаға нақты көмегі және қайырымдылық пен демеушілік қосқан үлесі үшін облыс әкімінің 2 рет Алғыс хаттарымен, 2008-2009 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауМинистірлігінің 2 рет Алғыс хатымен марапатталған. 2013 жылы 9 желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, 2014 жылы ҚР Маслихаттарына 20 жыл — медаль, 2014 жылы Арыс ауданының Құрметті азаматы мәртебесіне ие болды. Әр жыл сайын демеушілік жасап, тұрмысы нашар отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.