Руслан Еңсебаев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы — Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...