Руслан Еңсебаев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы — Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

Ұқсас жазбалар

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “AICTC-2024” аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференция...

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

Енді әйелге қол көтеріп, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілікке тартылады Бұл туралы 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» іс-шарасы өтті. Шараға Түркістан облысы...