• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Сенаторлар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су тасқынына күрес жөніндегі қосымша шаралар қабылдауды ұсынды

13.04.2018
0

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған кездесу барысында әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарының өрттен қауіпсіздігі, сондай-ақ еліміздегі су тасқынына қарсы күрес жағдайлары талқыланды, деп хабарлады 24.kz.

Комитет төрағасы Дариға Назарбаева көрші елдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты тұрғындар қауіпсіздігіне, әсіресе балаларды түрлі қатерден қорғауға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Кемерово оқиғасы – адамдар қауіпсіздігін ең бірінші кезекке қоятын, әрқайсымызды оқиға зардаптары туралы ойлауға міндеттейтін сабақ болды.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккер адамдар көп келетін нысандардың өрттен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және осы саладағы өзекті мәселелер туралы депутаттарды хабардар етті.

Парламентшілер адамдар көп жиналатын әлеуметтік инфрақұрылымдар меншік иелерінің өрттен қауіпсіздік талаптарын бұзғаны және сақтамағаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мұндай нысандарды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша өрт жағдайына міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылды.

Білім және ғылым министрлігіне жалпы білім берудің бастауыш және орта білім бағдарламасына өрттен қауіпсіздік ережелерін оқыту және төтенше жағдайлар болған кезде дұрыс әрекеттер жасауға дағдыландыруды қосу мүмкіндігін пысықтау ұсынылды.

Депутаттар сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың қызметін лицензиялауды қайтаруды да ұсынды.

Отырыс барысында В. Беккер еліміздегі тасқын су және елді мекендерді су басып кетуге орай ескерту жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Талқылау қорытындысы бойынша сенаторлар төтенше жағдайлар жөніндегі комитет бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен жұмыстарында үйлесімнің жоқтығын, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттердің және жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс басқармалары, әкімдіктердердің авариялар мен табиғи апаттарды ескерту және зардаптарын жою ұйымдары міндеттерінің қосарлануы туралы атап өтті. Сенаторлар тиісті қызметтердің әкімшілендіру жүйесіне реформа жүргізуді және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын нашар жүргізгені үшін жауаптылығын күшейтуді ұсынды.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Диқанбек Сатылғанов осы қызметтің жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді. Оның міндеттері аясында тауда құтқару, қауіпті өндіріс нысандарындағы су бұрқағына қарсы, газдан құтқару жұмыстарын орындау бар. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару міндетін бәсекелестер ортасына беру, ал РМК-ны жеке қолға беру туралы шешім қабылданды. Тұрғындардың, стратегиялық маңызы бар ірі өндіріс нысандарының қауіпсіздігі мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты, мұқият зерделеуді және бақылауды талап ететіндіктен депутаттар қауіпті өндіріс нысандарын авариядан ескерту және оның зардаптарын жою жөніндегі бірыңғай мемлекеттік қызмет – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын сақтау, оны жекешелендіруге жататын ұйымдар тізімінен алып тастауды ұсынды.

Қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті нарықта сапалы балама қызмет әзірге құрылған жоқ. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жеке компаниялардың тиісті тәжірибесі де, өнеркәсіп орындарындағы төтенше жағдай орын алғандай болғанда дұрыс көмек беретін жабдықтары да жоқ.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін болды.

Previous Post

Елімізде төтенше жағдай кезінде қолданылатын шұғыл дабыл жүйесі енгізіледі

Next Post

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.