• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде төтенше жағдай кезінде қолданылатын шұғыл дабыл жүйесі енгізіледі

13.04.2018
0

Бүгінде осы навигациялық терминалдар жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарына орнатылып жатыр, деп хабарлады 24.kz.

Шұғыл дабыл жүйесі – әсіресе төтенше жағдай кезінде таптырмас құрал. Мәселен, құтқарушылар жаңа жүйе көмегімен жол-көлік оқиғасын бірден анықтап, апат орнына қас-қағым сәтте жетеді. Ұлттық ғарыш орталығы мамандарының айтуынша, «Қазақстан ғарыш сапары» навигациялық терминалдарды тексерумен айналысатын бірден-бір сервистік мекеме. Бүгінде компанияға 5 тапсырыс келіп түскен.

Әсел Баталова, ЖСНЖ орталығының тексеру зертханасының басшысы:

– Терминал көлік құралына еш кедергі келтірмейді. Керісінше, апатқа ұшыраған жағдайда шұғыл дабыл белгісін беріп, орталыққа тиісті координаттарды жолдайды. Шанақ астына орнатылған арнайы датчик шектен тыс градусқа бұрылған кезде немесе қатты соққы болғанда автоматты түрде іске қосылады. Дифференциалды түзету және мониторинг орталығының мамандары картадан жылтылдай бастаған нүктені көріп, апат болғанын бірден біледі. Артынша құтқару қызметіне хабар береді.

Зертханада сонымен қатар құрылыс және геодезия салаларына қажетті қымбат құрал-жабдықтар да техникалық қараудан өткізіледі.

Азамат Салықов, зертхана инженері:

– Біздің зертханамыз спутниктік навигациялық қабылдағыштарды және фото-видео жазбасымен жабдықталған кешендерді, атмосфералық аэрозондтау, грау кешендерін сәйкестігін бағалаумен айналысады.

Сонымен қатар отандық мамандар адамдарды, жануарлар мен автокөлік сияқты жылжымалы объектілерді бақылайтын арнайы бағдарлама жасап шығарды. Бағдарлама қолданушыларға қолжетімді болу үшін RINEX форматымен ұсынылған.

Дастан Шоқатаев, дифференциялды түзету және басқару орталығының бөлім басшысы:

– Бағдарлама арқылы объектілерді бақылау және қадағалау, отынды ұрлау қауіпсіздігін түсіру, барлық объектілерді бір картадан бақылау, жүкті тасымалдау және қауіпсіздігін тиімді жоспарлау, жылжымалы объектілерді бақылау және диспетчерлеуді көмектеседі. «2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауы тиіс». Елбасының халыққа жолдауында айтқан бұл бастамасы сәтті жүзеге асып келеді.

Осы орайда алдағы уақытта бөлім мамандары ұшқышсыз басқарылатын құрылғы құрастыруды да жоспарлап отыр. Бүгінде бұл жобаның сызба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал әзірге еліміздің ұлан-ғайыр аумағы халық арасында «көреген көз» немесе «қос жанар» деген атауға ие болған арнайы жер серіктерінің бақылауында.

Айдын Айымбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ вице-президенті:

– Қазақстанда Жерді қашықтан зондтай алатын екі жер серігі бар. Біріншісінің ажыратымдылығы жоғары, яғни дәлдігі жағынан тек 1 метрге ғана ағат кетуі мүмкін. Екіншісінің ажыратымдылығы орташа, яғни – 6 жарым метр. Қос құрылғы бүгінде қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ғарыштан түсірілген фотокескіндерді мемлекеттік органдарға, қызығушылық білдірген құрылымдарға ұсынамыз.

Жер серіктері арқылы су тасқынын, үлкен аумақ шарпыған қызыл жалынды анықтауға болады. Сондай-ақ заңбұзушылықтың алдын алуға да теңдессіз технология. Мәселен, заңсыз қолды болған жер учаскелерін немесе магистральді құбырлардан мұнай мен газ ұрлаған қаскөйлерді құрықтауға мүмкіндік береді. Осылайша тың жоба мемлекеттік қазына бюджетін 30 млрд теңгеге үнемдеді. Алдағы уақытта жер серіктерінің заманауи үлгілерін сатып алу көзделіп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.