ҚР Салық және бюджетке төленетін басқада бір қатар міндеттеріне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгертулер енгізілді. Яғни, қолданысқа еніп отырған жаңа салық кодексінде, Кедендік рәсімдерді оңайлатуға, уақыттық және қаржылық шығындардың төмендеуі, сырты экономикалық қызметті жүргізудің еркін шарттары құрылған. Осы және өзгеде өзгертулерді Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылары күні кеше бақ өкілдеріне нақтырақ мәлім етті еді.
Жалпы, салық мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түетін міндетті төлемдері. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы қаржы арқылы байланысатын экономикалық санаты. Сондықтанда, салық заңнамасындағы тиісті өзгерулермен толықтыруларды кез келген тұлғаның білуі міндетті. Мәселен, оңтайланған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану шарты өзгертілген. Дара кәсіпкермен заңды тұлғаға бөлінбей, жалпыға бірдей шарт қойылыпты.
Ал, күнделікті саудамен айналысатын кәсіпкерлердің патенттерінеде өзгеріс енген.
Кодекстің негізгі өзгертулерінің бірі;
Кедендік декларациялау, енді электрондық түрде іске асады. Кедендік кодекстегі барлық жаңашылықтары мен оңай жүзеге асуы-ол сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдету болса, бұл ретте отандық экономиканың дамуынада қосар үлесі мол.
Ұлдархан УАЛИХАНҚЫЗЫ