• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Елбасының АҚШ-қа сапары туралы айтты

16.01.2018
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарына орай ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бірқатар сұрақтарына жауап берген болатын.

— Айдос Ыдырысұлы, Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы ретінде Сіз Қазақстан Президентінің жұмыс кестесінен ұдайы хабардарсыз. Жақында ғана Сіз Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы жоспарларымен бөліскен едіңіз. Сіздің ойыңызша, алдағы күндердегі ең маңызды оқиға не болмақ?

— Әлбетте, Мемлекет басшысының қызметіндегі негізгі оқиға АҚШ-қа ресми сапары болады. Осы сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деп күтілуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуінің күн тәртібінде де кең ауқымдағы мәселелер белгіленген. Бұнда одан арғы екіжақты саяси даму, сауда-экономикалық өзара әрекеттестіктер, Қазақстан экономикасына америкалық инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне еліміздің төрағалығы аясында Мемлекет басшысы аталған Кеңестің отырысына қатысып, осынау жаһандық органда сөз сөйлейтін болады.

Тұтастай алғанда, бұл тарихи сапардың бағдарламасы маңызды шараларға толы. Қазақстан Президентінің америкалық жетекші саясаткерлерімен және бизнес өкілдерімен кездесуі де жоспарланған.

Осыған байланысты ҚР Президентінің баспасөз қызметі тарихи сапардың барысы мен нәтижелерінен ақпараттар ұсынатынын атап өткім келеді.

-Қазақстан Президентінің АҚШ-қа ресми сапарынан қандай экономикалық тиімділік күтуге болады?

— Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекет президенттерінің кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы Бірлескен мәлімдемесі қабылданады деп күтіледі, онда ХХІ ғасырдағы қазақстандық-америкалық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселелері қамтылады.

Сонымен қатар, келіссөздер аясында бірнеше миллиард долларды құрайтын бірқатар келісімге қол қою жоспарланған. Америкалық капиталдың қатысуымен жүзеге асатын бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын қамтиды. Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, оған ұзақмерзімді оң динамика қалыптастырады деп ойлаймын.

— Биылғы жылдың қаңтарынан басталған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының мәніне тоқталып өтсеңіз?

— Бұл оқиға еліміздің халықаралық аренадағы мәртебесі мен беделін көтереді. Бұл — біздің дипломатиямыз үшін де баға жетпес тәжірибе, осы арқылы әлемдегі және өңірлердегі жағдайға әсер ететін шешімдер қабылдау процесіне еліміздің қатысу мүмкіндігі туып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеттерінде басшылық жасау Қазақстанның әлемнің әртүрлі елдерімен заманауи қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте өзара іс-қимылды одан әрі күшейтуіне жәрдемдесетіні анық.

Қазақстан осы арқылы қауіпсіздік саласының ағымдағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға, сондай-ақ орталықазиялық өңірдің аса маңызды проблемалары мен мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуге тікелей қатысудың жаңа мүмкіндігіне ие болып отыр.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.