• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Коммуналдық төлемақылар мөлшері

05.01.2018
0

1 қаңтардан бастап облыста коммуналды тарифтер бағасы өсіп жатыр. Мәселен негізінен өзге облыстардан тасымалданатын электр энергиясы орташа есеппен 8,5 пайызға қымбаттаған. Яғни бұған дейін тұрғындар жарықтың әр киловатына қосымша құн салығымен қоса есептегенде  14 тенге 84 тиын төлеп келсе, жаңа тариф бойынша енді әр киловатқа 15 тенге 73 тиыннан төлейді. Ал заңды тұлғаларға есептеліп келген  баға 24 тенге 87 тиыннан 27 тенге 66 тиынға өсіп отыр. Мұнан өзге табиғи газ, ауыз су жылу тарифтеріне  қатысты мәліметтер барысын Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Шырынәлі Үсенов мәлімдеді.

00002-mts-still001-v-kopiya

ОҚО –сы өзіне қажетті электр энергиясының өткен жылы небәрі 11 %-ын  өндірген. Ал электр қуатының қалған 89 %-ы аймаққа өзге облыстардан жеткізіледі.  Айталық Екібастұз, Қарағанды, Жамбыл электр станцияларынан тасымалданатын энергия көзін Шымкент қаласының тұрғындарына жеткізіп беруші монополист мекеменің бірі «Энергопоток» ЖШС-гі. Қала халқының 95 %-дан астамына жарық жеткізуші мекеме мамандары тарифтің өсуіне электр қуатын сатып алу және тасымалдау құнының артуы себеп болып отырғандығын айтады.

00024-mts-still001-v-kopiya

Электр жарығынан өзге табиғи газ тарифіне келсек.  Бұл тұрғыда бәсекелестікті қорғау департаменті көгілдір отын бағасының 1 қаңтардан бастап облыстағы кейбір газ таратушы жүйелер бойынша тасымал құны қосылатын заңды тұлғаларға ғана 1 %-ға  көтерілгендігін айтады. Ал бастысы халықтың тұтыну тарифі сол күйінде қалып отыр екен. Яғни жеке тұрғындар үшін көгілдір отынның 1 текше метрі  қосымша құн салығын қоса есептегенде  34 тенге  48 тиынды  құраса, заңды тұлғалар мен бюджеттік мекемелерге  арналған тарифтік жоспар ҚҚС-мен бірге  1 текше метрге сол 36 тенге 10 тиын  көлемінде қалып отыр.

sugaz-mpg-still002

sugaz-mpg-still001

Алайда кейбір кәсіпорындар үшін  1 %-ға көтерілген газды тұтынушылар арасында қалаға жылу таратушы мекемелер бар екендігін ескерсек бұл тұрғыда жылу бағасының өсуіне сала мамандары жол берілмейтіндігін айтады. Ол үшін бәсекелестікті қорғау департаменті жылу таратушы мекемелермен тарифті қымбаттатпау жөнінен келісімге келген. Айталық  Шымкент қаласының  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты  «Қуат  жылу орталық-3» мекемесі қаладағы 1800-ден астам көпқабатты үйлер  мен 300-ге тарта мемлекеттік ұйымдарға  жылу энергиясын тасымалдау, сату, және жылыту құбырларын жөндеу қызметін көрсетеді. Аталмыш кәсіпорын биылғы қыс маусымында  жылу ақысын қымбаттатпай өз қызметін бұрынғы тариф бойынша ұсынып отыр екен. Сонымен өңірде жылу ақысы бұрынғысынша 1 шаршы метрге 142 тенге 30 тиын шамасында.

Ал өңірде ауыз су тарифі де өткен жылғы баға бойынша қалып отыр. Мәселен 1 миллионға тарта тұрғыны бар Шымкент қаласы халқының 95 %-дан астамын ауыз сумен қамтамасыз етіп келе жатқан  «Су ресурстары маркетинг» ЖШС — гі су ақысы бойынша  2017 жылдың 1- шілдесінде бекітілген тариф бойынша жұмыс жасауда. Сонымен тұтынушылар топтары бойынша тарифтер төмендегідей:

1 топ (тұрғында және жылумен жабдықтау кәсіпорындары) – сумен жабдықтауға бір текше метрге ҚҚС-мен қоса есептегенде; 87,47 теңге;

2 топ (Мемлекеттік ұйымдар) 1 текшеметрге ҚҚС-мен 386,62 теңге;

3 топ (заңды тұлғалар) бір текше метрге ҚҚС-мен 299,32 теңге төлейді.

5-v-kopiya

sugaz-mpg-still003

Сонымен 2018 жылдың қаңтар айынан бастап облыста  тарифі көтерілген  тек электр энергиясы ғана болып тұр. Ал қалған коммуналдық төлем түрлері әзірге бұрынғысынша қалып отыр.

 

Абай Омар

Previous Post

Бұхарбай Парманов: Халыққа адал қызмет жасау парызым!

Next Post

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзерістер

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.