Жақында ғана Құрылыс, қала құрылысы министрі болып сайланған Бәделхан Қабдысіләмұлы бүгін Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Қобыландинмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Бәделхан Қабдысіләмұлы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың, әлеуметтік көші-қон саласының біршама ілгерлегенін атап өтті. Сонымен қатар биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық өткен жылғымен салыстырғанда 17 пайызға өскенін тілге тиек етті.
Өз кезегінде Қалыбек Қобыландин қандасымызды Құрылыс, қала құрылысы министрі болып сайланыуымен құттықтады.«Бизнес кездесу» негізінде өткен жиында екі ел арасындағы құрылыс жүргізу мәселесі де кеңінен талқыланды.