Қазақстанға Иордания Королі ІІ Абдалла мен әл-Хусеин ресми сапармен келеді.
Бұл туралы еліміздің Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Азамат Бердібай хабарлады. Елшінің айтуынша, ІІ Абдалла мен әл-Хусеиннің Астанадағы ресми сапары екі күнге жалғасады. Оның аясында екіжақты ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланбақ.
Айта кетейік, келер жылы Қазақстан мен Иорданияның қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толады. Бүгінге дейін екі ел арасында сауда айналымы 264 мың долларды құраған. Дегенмен алыс-берісті арттыруға мүмкіндік мол. Әсіресе біздің еліміз бидай, арпа мен ет өнімдерінің экспортын арттыруға қауқарлы.
Азамат Бердібай, ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі:
– Әрине, ресми сапар аясында Қазақстан-Иордания серіктестігінің басым бағыттары талқыланады. Сауда-саттық жайы әңгімеге арқау болмақ. Логистика мәселесі бар. Жалпы екі ел арасындағы алыс-берісті дамытуға мүмкіндік мол.
Дереккөз: 24.kz