ОҚО мәслихатының депутаты, «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш жетекшілік еткен «Қасиетті Қазақстан», «Ұлы дала жолы» жобаларының түсірілімі он төрт күн ішінде аяқталды.
«Қасиетті Қазақстан» «Ұлы дала жолы» жобаларының авторы: ДУЛАТ ӘБІШ
8000-ға жуық шақырым жолды еңсеріпөткен шығармашылық топ Қазақстанның бес бірдей облыстарын аралады. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтобе , Атырау, Маңғыстау өңірлерінің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер мен мәдени ескерткіштер туралы деректі фильмдер дүниеге келді. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асқан тың бағдарламаларды алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасынан тамашалай аласыздар!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Бестама ауылындағы Есет батырдың кесенесі. Суретте «Айғақ» теларнасының түсірілім тобы.