Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы негізінде «Сокралды Қазақстан», «Туған жер» бағдарламаларының жүзеге асырылуын қолға алған «Айғақ» телеарнасы «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында жұмыс жасап жатыр. 11 қазан күні еліміздің батыс өңірлеріне арнайы телеэкспедициямен жолға шыққан түсірілім тобы 5 500 шақырымды еңсерді. Осы тұста, өзге де тақырыптық жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Күні кеше Атырау облысына барған «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Атырау қаласындағы әріптестеріміз электрондық нұсқаға көшкен «Ақжайық» газетінің жұмысымен танысты.
«Ақ Жайық» баспаханасы — соңғы технологияны пайдалана отырып, баспа беттерінің сапалы әрі ұнамды шығуына өз үлестерін қосып келеді. Осы арқылы көптеген азаматты жұмыспен қамтып отыр. Атырау облысындағы ең ірі баспахана — өз беделін осы уақытқа дейін жоғалтқан емес.
Баспахана тарихы 1991 жылдан бастау алады. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас мекеме жергілікті газет-журналдарды шығарып, көпшіліктің алғысына бөленіп отыр.
Жалпы «Ақжайық» газетіне 2018 жылдан бастап жазылу жүргізілмейді және қаңтар айынан бастап басылым жеке сатылымға шықпайды. «Ақ Жайықты» электронды нұсқада azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі мақалалардағы сілтемелерден оқи аласыздар.